
02 Қараша, 2016
1149
«БІРГЕ ӨМІР СҮРУ ӨНЕРІ» ФЕСТИВАЛІ
28 қазан «Достық үйі» ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қайырымдылық керуені» жалпы ұлттық акциясының аясында «Бірге өмір сүру өнері» атты этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының және ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен фестиваль өтті.
Фестиваль аясында этномәдени бірлестік мүшелері, орта және шағын кәсіпкерлер мен қала тұрғындары арасында алдын ала дайындалған 25 метрлік дастарханға қазақ халқының ұлттық тағамдарының бірі бауырсақ түрлерінен көрме ұйымдастырылды.
Фестивальдің мақсаты - қазақ халқының салт-дәстүрін қайта жаңғырту және насихаттау. Тұрғындардың адамгершілік және мәдени құндылықтарын сақтау, этносаралық және дінаралық қарым-қатынасты дамыту, халықты ынтымаққа, қоғаммен түсіністік пен бірлікте өмір сүруге шақыру. Тұрғындар мен жастарды мұқтаж жандардың күйіне немқұрайлылықпен қарамауға, қайырымдылық жасап, көмек қолын созуға тарту. Аз қамтылған отбасыларға бауырсақтарды таратып, қөңілдеріне нұр сыйлау.
Көрмеге этномәдени бірлестік өкілдері, кәсіпкерлер және қала тұрғындары ат салысты. Қатысушылар бауырсақтан әр түрлі әсем пішіндер жасады. Киіз үй, пирамида, бәйтерек мүсіндерімен қатар, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты неше түрлі пішіндер жасап, көрменің көркін аша түсті. Ерекше көзге түсіп, аса тапқырлықпен жасалған пішін алдымызда келе жатқан айтулы «ЭКСПО-2017» көрмесіне байланысты жасалған. Оны №26 балабақша ұжымы ойлап тауыпты. «ЭКСПО-2017» қалашығында тұрғызылған көрікті ғимараттар мен заманауи демалыс-сауда орталықтары бауырсақтан құрылған. Сондай-ақ, бауырсақтардың дәмі де бір-біріне ұқсамайтын, өз әдістерімен дайындалған. Сонымен қатар, фестивальда қолөнер көрмесі ұйымдастырылады. Этномәдени бірлестік өкілдері мен қала тұрғындары өз өнерлерінен туған қолөнер бұйымдарын көрмеге қойды. Тоқылған қуыршақтар, кестеленген оюлар, портреттер мен картиналар, қағаздан жасалған мүсіндер сияқты түрлі қолөнер бұйымдары көрермен қызығушылығын арттырды.
Көрме аяқталған соң фестиваль бағдарламасы әсем ән мен биге ұласты. «Шекарасыз ән» халықаралық фестивалінің жеңімпазы Ислам Музаев «Менің Қазақстаным» әнін орындады. Қазақ, өзбек, лезгин этностары ұлттық билерін биледі. Көреремендер қойылған концерттік бағдарламаны керемет көңіл-күйге бөленіп, тамашалады. Тіпті ортаға шығып, қуана биледі.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Бірге өмір сүру өнері – біздің ең құнды тәжірибеміз және оны сақтауымыз керек. Осы қарым-қатынасымызды сақтап, дамытуға тиіспіз», - деген. Президенттің бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» ұлт жоспарын орындау мақсатында, «Мейірімділік керуені» патриоттық акті, Қазақстанның бірегейлігі мен бірлігін нығайту және дамытуда «Мәңгілік ел» сияқты қайырымдылық акциялары негізінде «Бірге өмір сүру өнері» фестивалін өткізу әр этнос өкілдерінің басын қосып, жақындата түседі, сыйластық пен ынтымақты дамытады.
Іс-шара соңында ҚХА хатшылығының басшысы Гүлжан Мақсұтқызы үздік қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстады. Ал пісірілген бауырсақтарды «Жас қанат» жастар ұйымы мен «Жас Отан» жастар қанаты аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж жандарға апарып таратты. Тағы бір қайырымды іс жасалып, «Мейірімділік керуені» акциясының тағы бір мақсаты жүзеге асты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Жан DoStar: бір аспан астында» VIII Республикалық өнер фестивалі өтті
-
ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
Қарағанды облысында корей мәдениетінің фестивалі өтті
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
вчера, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Жан DoStar: бір аспан астында» VIII Республикалық өнер фестивалі өтті
-
ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
Қарағанды облысында корей мәдениетінің фестивалі өтті