
20 Шілде, 2018
1083
Біріңғай республикалық медиация күнін өткізу туралы
Медиация күні қарсаңында, Қазақстан халқы ағымдағы жылдың 3 тамызында «Біріңғай республикалық медиация күнін» өткізеді.
Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастар 2011 жылғы 5 тамызда күшіне енген «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. Өткен жылдардың іс тәжірибесі негізінде осы күн «Медиация күні» мәртебесін иеленді. 2018 жылғы 27 сәуірде Мемлекет басшысы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізді, соның нәтижесінде Ассамблея қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз етуші медиацияны дамытуға ықпал етудің тетігіне айналды. Бүкіл ҚХА қызметі қоғамдық келісімнің бұзылуына жол бермеуге бағытталған.
Медиация - дауларды (жанжалдарды) шешудің нақты құралы болып табылады. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда ел бірлігін нығайтуға үлес қосатын қоғамдық келісімнің ерекше моделі қалыптасты. Оның негізі - Қазақстан халқы Ассамблеясы, ол этникааралық өзара әрекеттесудің тиімді институты болып саналады.
Медиация күнінің идеологиялық мазмұны заңнамада, Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасы», «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша біздің қоғамымыздың әлеуметтік және рухани тұрақтылығының негізі ретінде анықталған мақсаттар мен міндеттерді нақтылауға бағытталуы тиіс.
Осы жылы Қазақстан өзінің елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын атап өтуде. Осыған байланысты «Біріңғай медиация күні» аясында өткізілетін іс-шаралар Астана - Бейбітшілік пен келісім қаласы, Халықаралық медиация орталығы деген идеологиялық мағынамен негізделуі керек.
3 тамызда Тараз қаласында Достық үйінде «Бірыңғай республикалық медиация күні» республикалық акциясы аясында «Дауларды шешу мен алдын алудың табысты стратегиясы үшін» Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының медиаторларының аймақтық форумы өтеді. Аталған іс-шараға «Нұр Отан» партиясының өкілдері, сот, прокуратура, әділет органдары, Қоғамдық келісім, Аналар кеңестері, этномәдени бірлестіктер, БАҚ пен кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысады. Медиация институтын дамытуға блиц-сауалнама жүргізу үшін «Жанғыру жолы» жастар қозғалысының мүшелері еріктілер ретінде қатысады. Сол күні Жамбыл облысының аудандарында «дөңгелек үстелдер» және «ашық күндер» өткізу жоспарланып отыр.
Осы акция аясында барлық мүдделі азаматтарға заң көмегі мен тегін кеңес берілетін болады.
Бұл іс-шаралар қазақстандық қоғамда бірлік пен келісімнің одан әрі нығаюын қалыптастыруға бағытталған.
Дата события ассамблеи: 20.07.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті