19 Мамыр, 2016
1281
Біріккен Ұлттар Ұйымында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне арналған фото көрме болып өтті
2016 жылғы 16 мамырда БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Қазақстанның Тұрақты миссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының қолдауымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы: қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделі» тақырыбына арналған фотокөрме ұйымдастырды.
Көрме келген қонақтарға осы бірегей қоғамдық институттың құрылуын, оның дамуы мен 20 жыл бойғы қызметін, Қазақстанда тұратын барлық этностар мен конфессиялар өкілдерінің ынтымақтастығын фотосуреттер мен фотохроникадан көруге мүмкіндік берді.
ҚХА қызметінің таныстырылымын Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко жүргізді. Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан өкілі қонақтарды Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттері, бұл орган жұмысының нәтижелері мен перспективалары туралы хабардар етті.
Леонид Прокопенко Ассамблея принциптері қоғамдағы барлық адамдардың олардың нәсілі мен діни сеніміне қарамастан теңдігі туралы БҰҰ-ның негізгі құндылықтарымен және оның Жарғысымен толығымен ұштасатынын атап көрсетті.
ҚХА өкілі қоғамдық-саяси, институционалдық реформалар мен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы, «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет: 100 нақты қадам» сияқты бағдарламаларды, сондай-ақ, Мемлекет басшысының ү.ж. сәуір айында Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммит барысында ұсынған негізгі тезистерін, БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясы мен Ұйымның Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжатына айналған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін айта отырып, Қазақстанның азаматтық қоғамын дамытудың бірқатар түйінді бағыттарын атап көрсетті.
Іс-шараның ашылуына қатысқан БҰҰ өркениеттері альянсының өкілі Мэтью Ходс өзінің құттықтау сөзінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін шақыру бойынша қазақстандық бастаманың елеулі нәтижелеріне, ү.ж. 6 мамырда БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңшасында жоғары деңгейлі «Діндер бейбітшілікті жақтайды» диалогын, сондай-ақ 31 мамырда Астанада «Діндер терроризмге қарсы» атты халықаралық конференциясын ұйымдастырғанына тоқтала келіп, Қазақстанның дінаралық және мәдениаралық мәселелерді нығайту мен ілгерілетуге қосқан үлесінің маңызын атап көрсетті.
Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Әбдірахманов өз кезегінде жаһандық күн тәртібі шеңберінде, ең алдымен Мемлекет басшысының қауіпсіздікті нығайту, зорлықшыл экстремизм мен терроризмді болдырмау, орнықты даму міндеттерін ілгерілету бойынша Қазақстанның сыртқы саясатының түйінді басымдықтары туралы баяндап берді.
Іс-шараға БҰҰ Хатшылығының қызметкерлері, шетел мемлекеттерінің Ұйымда тіркелген тұрақты өкілдері, қоғамдық ұйымдардың сарапшылары қатысты.
Штаб-пәтерге келушілердің барлығына экспозиция материалдарымен, экспонаттарымен танысуға мүмкіндік беру үшін көрме екі апта бойы жұмыс істейді. Бұл БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты миссиясы Мемлекет басшысының бастамаларын ілгерілету, сондай-ақ 2016 жылы маусым айында сайлау өткізілетін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Қазақстанның 2017-2018 жылдарда тұрақты емес мүше болуға жасаған өтінімі шеңберінде жыл басынан бері ұйымдастырып отырған үшінші көрме.
Қазақстан Республикасының Нью-Йорктегі Тұрақты өкілдігі
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29