04 Желтоқсан, 2017
840
Бірінші Адвентті атап өтті
Достық үйінің акт залында бірінші Адвент атты қызықты мерекелік бағдарлама өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушысы «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігі. Неміс халқы үшін Рождество мерекесінің орны ерекше болып табылады, сондықтан мерекеге олар бір ай бойы дайындалған.
Германиядағы Рождествоның ерекшелігі көп. Мұндағы халық адамдар мен жануарлардың мүсіндері арқылы әртүрлі діни көріністерін жасауды игі дәстүрге айналдырған. Бұл мүсіндер әр отбасында көздің қарашығындай сақталып, тіпті, атадан балаға мирас болып беріліп отырған. Рождество мерекесіне дайындық мерекенің өзіне 4 жұма уақыт қалған кезден-ақ басталады. Бұл кезең Адвент деп аталады. Сондықтан желтоқсанның 1-і мен 24-і аралығы «Адвент уақыты» деп аталады. Латын тілінен аударғанда «Адвент» - «күту» дегенді білдіреді. Бұл христиан дініндегі Иисус Христостың дүниеге келуі сенімдерімен байланысты.
Бұл мейрамның кең тараған түстеріне жасыл және қызыл түстерді жатқызуға болады. Наным-сенімдерге байланысты үйге жыл бойы жасыл болып тұратын өсімдіктерді орнату адамдарды пәле-жаладан сақтайды деген түсінік қалыптасқан. Сенім бойынша жасыл түс – күш-жігерді, қызыл – Христостың дүниеге келуін бейнелейді.
«Возрождение» Павлодар облыстық немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінде Адвент мерекесінде қоғам мүшелерімен кездесу жақсы дәстүрге айналды. Бұл күні дастархан басында майшамдар жағылды, ал қылқан мен мандариннің иісі мерекені жақындатқандай болды, сонымен қатар, тамаша мерекені, ұмытылмас Рождество ғажабын зор үмітпен күту сезімі залда жиналған барлық адамдардың жүздерінен-ақ байқалып тұрды.
Этномәдени бірлестік қатысушылары Кристина Барвих пен Ольга Шульц қонақтарға мереке тарихы жөнінде баяндап, түрлі мерекелік әндерін айтып берді. Дәстүр бойынша бұл мереке кезінде балалар Аяз атаға немесе Вайнахтсманға хаттар жазады. Біреулері Рождество қарсаңында алғысы келген сыйлықтарын, ал екіншілері асыл армандарын жазды. Германияда балалар желтоқсанның 5-нен 6-на қараған түні кіреберіс есіктің алдына жақсылап тазаланған етіктерді қойып қояды екен. Ал ата-аналары бұл мерекені сиқырлы ету мақсатында етіктерге арнайы дайындаған сыйларын салады екен. Мереке барысында көптеген неміс тілінің курстарына барушылар Рождество жайлы өлең шумақтарын оқыды.
«Возрождение» Павлодар облыстық немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Литневская Ольга Владимировна барлық мереке қатысушыларын жарқын мерекемен құттықтап, әр отбасына бақыт пен береке тіледі. Ал мереке соңында барлығы дастархан басында қосылып рождестволық әндерді бірлесіп орындады.
Дата события ассамблеи: 04.12.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
15 Тамыз, 17:43
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
15 Тамыз, 18:34
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23