03 Маусым, 2024
327
БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП
Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Этносаралық саладағы келіссөздердің заманауи технологиялары: тәжірибеде қолдану әлеуеті» тақырыбында Бірінші халықаралық жазғы мектеп өз жұмысын бастады.
Жоба ғылыми-қолданбалы дағдыларды, сондай-ақ келіссөздерді дайындау және өткізу жөніндегі құзыреттерді және оларды өнімді ұйымдастырудағы делдалдық рөлін алу мақсатында іске асырылады. Алынған білім мен дағдылар өңірлерде осындай бағдарламаларды іске асыруға қабілетті ментрлерді даярлауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ келіссөздер процесін ұйымдастыру жөніндегі тақырыптарды университеттің білім беру бағдарламаларына енгізуге мүмкіндік береді.
Ашылу салтанатына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алишер Сатвалдиев, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ҚХА кафедрасының меңгерушісі, «Шаңырақ» ҚХА кафедралары республикалық қауымдастығының төрағасы Наталья Калашникова және т.б. қатысты.
Марат Әзілханов өзінің алғы сөзінде: «Аталған мектептің ашылуы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды қадамы болып табылады. Әлеуметтік ағарту бойынша бірегей жоба аясында қатысушылар этносаралық саланың түрлі аспектілерін, этномедиация процесінің маңыздылығын, көпэтносты қоғамда келіссөздер жүргізудің ерекшеліктерін меңгеретін болады», - деп атап өтті.
Жазғы мектептің спикерлері ретінде ЕҰУ-дың шетелдік ғалымдары мен профессорлары, медиация және этномедиация саласындағы ҚХА сарапшылары мен практиктері, конфликтологтар, медиатор-жаттықтырушылар, этнопсихологтар, келіссөз жүргізушілер сөз сөйледі.
Тыңдаушылар қатарында мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері, ҚХА кафедраларының меңгерушілері мен оқытушылары, университет оқытушылары, кәсіби медиаторлар, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері, докторанттар мен магистранттар, сондай-ақ этномәдени бірлестіктер мен (өзбек, күрд, Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы) өңірлерден (Атырау, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Ұлытау облысының және Астана қ.) өкілдер қатысады.
Бұл жобаға қатысу осы мәселе бойынша сараптамалық пікірді қорытындылауға және халыққа әлеуметтік сауалнама жүргізу барысында алынған нәтижелерді сынақтан өткізуге мүмкіндік береді.
Жазғы мектеп өз жұмысын 8 маусымға дейін жалғастырады.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
-
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
6 Қыркүйек, 16:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
-
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті