03 Мамыр, 2016
1033
Бірінші орын – Астанаға бару!
Облыстық Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің өкілдері арасында «Әннің шекарасы жоқ» - «Песня без границ» атты вокальдық байқаудың іріктеу кезеңі болып өтті. Қатысушылардың әрқайсысы қазылар алқасын өз дауысымен бірге әнді дұрыс таңдау, саздық сүйемелдеу, хореографиялық қойылымдармен таңқалдыруға бар өнерін салды. Барлығы 12 нөмір тыңдалды. Қатысуға жеке орындаушыларымен қатар корей хоры «Ен коди», казактар хоры және украин хоры тапсырыс беріп, өнер көрсетті. Біреуі Отан туралы ән айтса, енді біреуі ұлы достық туралы, махаббат туралы жырлады. Міндетті шарт бойынша өз ана тілінде ән орындау болды.
Қорытындысында көпке созылған кеңестен кейін қазылар алқасы үшінші орынды қырғыз қауымы өкілі Гүлшат Салықоваға берді. Оған шешен мен қазақ халқының ұлы тұлғасында Зелимхан Надаев саксафонда өте тамаша сүйемелдеді. Екінші орынды өткен жылы Ресейде – Марий Республикасында өткізілген орыс мәдениеті фестивалінде Гран-приді жеңіп алған, Қазақстаннан бір өзі ғана қатысқан белорус ЭМБ талантты өкілі Светлана Ивановна Обухова иеленді.
Бірінші орын бас сыйақысы ретінде 40 мың теңге орыс қауымының белсендісі, әртүрлі вокальдық байқаулардың жеңімпазы Ольга Квиткаға берілді. 2004 жылы Ольгаға «Играй гармонь!» атты белгілі бағдарламасының түсіріліміне де қатысу бақыты бұйырды. Ол тамыз айында Астанада өтетін республикалық байқауда облыс намысын қорғайтын болады.
Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті