11 Қыркүйек, 2015
940
«Бірлігі бекем ел жастары – болашақ кепілі» тақырыбында ашық форматта кездесу
2015 жылғы 11 қыркүйек күні Шымкент қаласындағы орталық саябақ алаңшасында облыстық ассамблея хатшылығы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Бірлігі бекем ел жастары – болашақ кепілі» тақырыбында ашық форматта дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

Кездесуді «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысының орынбасары З.Усупахметов пен бөлім басшысы С.Исмаилов жүргізіп отырды.
Бірлігі жарасқан оңтүстік өңірінің ұлттық мәдениетті, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты сақтауға байланысты өзге облыстарға қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Жиынның мақсаты – өңір жастары арасында сол ерекшеліктерді сақтай отырып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын және 5 институционалды реформаны жүзеге асыруда белгіленген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру. Сонымен бірге, еліміз үшін маңызды болып табылатын жаңа экономикалық саясатта кемел келешекті айқындайтын басым бағыттармен бірге, тұрақтылықтың негізі – еліміздің әлеуметтік, мәдени-рухани мәселелері негіздерінде «Мәңгілік ел» идеясында жүзеге асыру болды.
Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары – ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқының алдына қойып отырған биік межеге жету үшін бізде барлығы жеткілікті – білікті де білімді мамандар, қажетті қор, саяси жігер бар. Және ең алдымен, бұл бүгінгі жалынды жастарға байланысты екендігіне назар аударды.
«Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Е.Байқонақов облыстық этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар қанатының қызметін жандандыру мақсатында бірлескен жұмыстардың жүргізілетіндігін айтты. Соның бастамасы ретінде жастар арасында «Достық лигасы» клубын құру жоспарланып отырғандығын атап өтті.
Ашық форматтағы мәжілісте жастарды кәсіпкерлікке баулу, олардың тұрғын үймен қамтылу мәселелері, «Серпін» бағдарламасы, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы, т.б. мәселелер төңірегінде жан-жақты сөз болды.
_________________________________
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз қызметі,
байланыс телефондары: +7 (7252) 77-05-97, +7 771-137-06-82
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
15 Тамыз, 17:43
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
15 Тамыз, 18:34
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
вчера, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
вчера, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
вчера, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті