01 Мамыр, 2017
1737
«Бірлігі бекем, тірлігі көркем – Мәңгілік ел Қазақстан!» фестивалі
Жамбыл ауданы Гродикова ауылының «Мәдениет үйінде» 1 мамыр Казақстан халқының Бірлігі күніне арналған «Бірлігі бекем, тірлігі көркем – Мәңгілік ел Қазақстан!» атты этномәдени бірлестік жастарының арасында фестиваль өтті. Аталмыш іс-шараның ұйымдастырушылары – Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мен облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы.
Фестивальда 8 этномәдени бірлестік қатысты. Олар: «Ахыска» түрік этномәдени орталығы, облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы», «облыстық гректер қоғамы», «Жамбыл облыстық өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі, «Жамбыл облыстық «Манас Ата» қырғыз этномәдени бірлестігі», «Айнуры» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі», «Барбанг» күрділер ассоциациясы қоғамдық бірлестігі және «Жамбыл облыстық Махмұт Қашғари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі».
Қазақстан халқының Бірлігі күні мерекесімен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшалығының меңгерушісі Маржан Қожаева мен облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Мәтен жылы лебіздерін білдірді.
Қатысушылар 3 сайыс бойынша - «Таныстыру», «Салт-дәстүрлер – ұлт негізі» және «Талант» - бақ таласты. Кеш соңында барлқ қатысушыларға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32