Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Сәуір, 2024

285

«Бірлігі жарасқан Ел» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Қазақстан халқы бірлігі күнін Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің офицерлері атап өтті.

Мерекеге арналған «Бірлігі жарасқан Ел» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, іс-шараны Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ және Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастырды. Іс-шараға Алматы қаласының өрт сөндіру бөлімдерінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді Алматы қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Т.С.Мадиев ашып, аталған Қызметтің 1400-ден астам адамнан тұратын көп этносты ұжымын бірлік күнімен құттықтап, мерекенің маңыздылығын атап өтті.

Спикерлер Алматы қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бақылау және ішкі тәртіп бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры А.А.Аблазимов және ҚР МАМ ЭДҚК «Қоғамдық келісім» РММ бас сарапшысы, философия ғылымдарының докторы Г.Н. Біләлова «Қазақстан халқы Ассамблеясының қазіргі кезеңдегі қызметі» тақырыбында баяндама жасады.

Таныстырылымда Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының маңызды бағыттары, ҚР Президенті, ҚХА Төрағасы Қ.Қ.Тоқаевтың «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» XXXIII cессиясында және Ұлттық құрылтайдың «Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс» үшінші отырысында берген негізгі идеялары мен тапсырмалары, ҚХА құрылымы оның қоғамдық ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ-нің ауқымды республикалық жобаларды іске асыру жөніндегі белсенді қызметі, 2023 жылы жүзеге асырылған «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым/Память во имя будущего» халықаралық жобасы, 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін өткізіліп келе жақан Ассамблеяның «Бейбітшілік және келісім жолы» республикалық экспедициясы, «Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт» республикалық жобасы және жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылып жатқан жобалар атап өтілді.

Алматы қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» офицерлері қазақ, башқұрт, корей, қырғыз, орыс, ұйғыр этностарының мәдениеті мен дәстүрлерін көрсетіп, қазақтың ежелгі «Көрісу» салты, домбыра және оның құрылымы, ұлттық киімдер мен аспаптар, ұлттық тағамдарға сипаттама берілді.

Кейін қарай