Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Маусым, 2024

322

«Бірлігіміз – әралуандықта» жобасының тұсау кесері

ҚР Парламенті Сенатында Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандағы мәдениеттердің әралуандығын, мәдениетаралық симбиозды көрсетуге бағытталған «Бірлігіміз – әралуандықта» жобасының қоғамдық тұсау кесері өтті.

Іс-шараға, жобаның жетекшісі - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нурия Ниязова, мемлекеттік органдардың, ҚХА қоғамдық құрылымдарының, этномәдени бірлекстіктердің, жастар қанатының өкілдері, блогерлер және БАҚ өкілдері қатысты.


Іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында айтқан «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидасын жүзеге асыру бойынша қоғамның қатысуын ұйымдастыру жөнінде идеялар мен тәсілдері талқыланды.

Өз кіріспе сөзінде Нурия Ниязова аталмыш жоба «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидасын жүзеге асыруда этномәдени бірлестіктер, шығармашылық зиялы қауымы, қызығушылық танытқан азаматтар тараптарынан жан-жақты ықпал ету мақсатында, қоғам бірлігінің факторы ретінде Қазақстан халқының мәдени әралуандылығын насихаттап, танымал ету мақсатымен жүзеге асырылатынын атап өтті.


Нұрия Ниязованың айтуынша, «Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы күн тәртібіне маңызды идеологемалары – халқымыздың мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтеуге негізделген түрлі мәдениеттер мен дәстүрлерді құрметтеу, мемлекеттік тілді жетік білу, Отанға деген сүйіспеншілік мұраттарын насихаттау мәселелерін қойды».

Ол Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев ұлттық құндылықтар мен «бірлік - әралуандықта» қағидасына негізделген ұлттың бірегей мәдени кодын жан-жақты нығайтуға тоқталып, көпэтносты Қазақстан халқының мәдени әртүрлілігін баға жетпес ұлттық байлық деп атады.

Жиналыс барысында қоғамда өзара сенім мен достық атмосферасын құрудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде мәдени әралуандылықты көрсету; мәдениеттердің өзара енуіне негізделген мәдениетаралық ұстанымды жүзеге асыруға жәрдемдесу; Қазақстан халқының көпэтносты мәдениетін насихаттауға қатысу; түрлі этностардың маңызды мәдени іс-шараларын елдің ақпараттық кеңістігінде ілгерілету; халық бірлігіндегі мәдени әралуандылық қағидаттарын насихаттайтын медиақауымдастықты қалыптастыру туралы айтылды:

Сонымен қатар елдің ақпараттық кеңістігінде тарату үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы мен еліміздің этномәдени бірлестіктерінің, оның ішінде өңірлердегі ҚХА құрылымдарының қатысуымен ірі мәдени іс-шаралар топтамасын әзірлеу, соның негізінде медиаконтентті құрастыру туралы талқыланды.


Кейін қарай