
05 Мамыр, 2016
1073
«Бірлігіміз жарасқан» этнофестивалі
Қарағанды экономикалық университетінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» этнофестивалі болып өтті. Алғаш рет өткізілген фестиваль Қазақстан тұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетінің 50 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды.
Фестивальге Қарағанды қаласындағы этномәдени бірлестіктер өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысып, мектеп және колледж оқушылары да атсалысты.
Фестиваль қонақтары этномәдени бірлестіктердің көмегімен облысымызда тұрып жатқан этностардың шығармашылығы, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі, ұлттық тағамдарымен танысты.
«Штрудель» неміс ұлттық тағамы – аудармасында «қақпақты ашпау» мағынасын білдіреді. Тағамның барлық ерекшелігі мен құпиясы осы атауында жатыр. Германия шұжықтардың көптеген сұрыптарымен әйгілі. Бұдан бөлек, картоптан жасалған салат және сүзбеден дайындалған бәліш халық арасында өте танымал, себебі неміс халқы тәттіні жақсы көретін ұлттардың бірі», - деп бөлісті неміс мәдениетін таныстырған студенттер.
Студенттер әрбір этностың мәдениеті мен тарихын мұқият зерттегендерін білдірді. «Идел» татар және татар-башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтарының Ассоциациясы» Қарағанды филиалымен бірге келін түсіру рәсімін көрсетті.
Бизнес және құқық факультетінің деканы Ф.Момышева: «Университетімізде алғаш рет «Бірлігіміз жарасқан» атты этнофестиваль өтуде. Аталмыш іс-шараны ұйымдастыра отырып, этносаралық толеранттылықты тәрбиелеу, ұлтаралық келісім мен достықты нығайту сияқты ортақ міндетімізге өз үлесімізді қосудамыз деп есептеймін», - деп айтып өтті.
Этнофестиваль аясында сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының жәрмеңке-көрмесі ұйымдастырылды. Қарағанды қаласының белгілі шеберлері – Н.Романенко, О.Дычко, А.Руденко, А.Ли, Н.Якубаева, З.Маньковская, А.Папаян, Н.Мошонкина, А.Жукова, Д.Шожен, С.Мизернюк табиғи тастан, киізден, жүннен және теріден дайындаған бұйымдарды көпшілік назарына ұсынды.
Арнайы қонақтарға және фестиваль көрермендеріне арнап армян, шешен-ингуш, татар, өзбек халықтарының ұлттық киімдерінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
«Бірлігіміз жарасқан» этнофестивалі мерекелік концертке ұласты. Концерттік бағдарламада «Идел» татар және татар-башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтарының Ассоциациясы» Қарағанды филиалы, «Видергебурт» неміс орталығы», «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі», «Полония» облыстық поляк қоғамының шығармашылық ұжымдары, «Трикси» хореографиялық ансамблі халық әндері мен билерін орындады.
Этнофестивальдің басты мақсаты – қоғамдық келісімді нығайту және этносаралық қарым-қатынастың тұрақтылығын сақтап қалу, сонымен бірге, елімізде тұрақтап қалған ұлттардың үздік салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, ырым-жоралғыларын дамытып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасуын қамтамасыз ету. Қарағанды экономикалық университеті мен аймағымыздағы этномәдени бірлестіктер арасындағы ақпараттық-мәдени байланысты жандандыру аталмыш іс-шараны өткізуге негіз болды.
Биыл Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті 50 жылдық мерейтойын атап өтеді. Алдағы оқу жылында өтетін түрлі жарқын іс-шараларға оқу ордасының студенттері мен оқытушылар құрамы да белсене атсалыспақшы.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: info@kelisim.kz
Ұқсас жаңалықтар
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті