Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Қараша, 2025

41

«Бірлігіміз жарасқан!» фестивалі ел бойынша ең талантты балалар мен жасөспірімдерді жинады

15 қарашада Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орайластырылған «Бірлігіміз жарасқан!» республикалық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық фестивалі өтті.

ҚХА шығармашылық ұжымдарының қауымдастығы полиэтникалық Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және насихаттау мақсатында осы фестивалды жыл сайын ұйымдастырады. Оған 400-ден астам адам қатысты.

Қатысушылардың жарқын және шығармашылық қойылымдары хореография, халықтық және классикалық аспаптар, вокал, медиа (мобилография) номинациялары бойынша өтті.

Іс-шара Ғ.Рахмадиев атындағы ГАФ Концерт залында жеңімпаздарды марапаттау салтанатты рәсімімен аяқталды.

Кейін қарай