
22 Шілде, 2021
485
Бірлік пен бейбітішіліктің кепілі
Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Қоғамдық келісім» КММ-де облыс әкімі Е. Б. Маржықпаевтың төрағалығымен «Бірлік, татулық пен келісімнің 30 жылы» тақырыбындағы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының XXIV сессиясы өтті.
Сессияда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының бұған дейін өткен XXIX сессиясында алғы қойған міндеттерін іске асыру жөніндегі шаралар талқыланды.
Облыстық сессия жұмысына ҚХАА мүшелері, этномәдени және діни бірлестіктердің басшылары, мемлекеттік мекемелердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жастар қатысты.
Қатысушылар алдында сөз сөйлеген облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Е.Б.Маржықпаев ҚХА-ның өткен XXIX сессиясында айтылған міндеттердің маңыздылығын және оларды шешуге барлық күш-жігерді жұмсау қажеттігін атап өтті.
Бүгін тәуелсіздік алынған тұста құрылған Ассамблея біздің бірлігіміздің, бейбітшілік пен тұрақтылығымыздың басты кепілі болып табылады. Тұрақты экономикасы бар тиімді мемлекет және прогрессивті құндылықтары бар әділ қоғам құру үшін барлық этностар мен конфессиялар өкілдерінің жалпыұлттық бірігуінің мәні зор. Ассамблея осы тарихи маңызды үдерісте ерекше рөл атқару үшін барлық қажетті функционалға және, ең бастысы, адами әлеуетке ие, - деп атап өтті Ермек Боранбайұлы.
Сессияда Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Умар Шоназаров, Ақмола ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Күләш Рақымжанова, «Жаңғыру жолы» Ақмола жастар қозғалысының белсендісі Юлия Лагуткина сөз сөйледі.
Спикерлер өз сөздерінде бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайту, Қазақстан халқының бірлігін сақтау, қазақстандық қоғамды одан әрі дамыту мәселелері бойынша ойларын ортаға салды.
Біздің еліміз үлкен қадамдармен алға жылжуда. Бұл жерде жоғары азаматтық патриотизмнің үлгісін көрсете білген Ассамблеяның еңбегі де бар. Біздің мақсатымыз - жалпыұлттық бірлік пен этносаралық келісімді сақтау, Отанымызды қорғау және бейбітшілік пен ізгіліктің биік мұраттарына қызмет ету, - деп атап өтті өз сөзінде Умар Шоназаров.
Сессия соңында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшелері облыс тұрғындарына арналған үндеу қабылдап, облыстық Ассамблеяның жаңа құрамын бекітті.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті