30 Қыркүйек, 2021
608
Бірлік пен келісімді нығайту Түркістан Ассамблеясының басты назарында
Түркістан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М. Әзілханов Түркістан облысы ассамблеясының құрылымдары мен этномәдени бірлестіктерінің жетекшілерімен кездесті.
Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары С. Қалқаманов, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Кездесуде Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауын іске асыруда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының атқаратын қызметі, сондай-ақ өңірдегі этносаралық келісімді нығайту жөніндегі алдағы шаралар талқыланды. Түркістанның және облыстың дамуы ел басшылығының ерекше бақылауы мен жіті назарында. Түркістан өлкесі – түркі әлемінің киелі жері, ал Түркістан қаласы – оның мәдени және рухани астанасы, қазақ ұлтының қалыптасуының тарихи орталығы.
«Мемлекет басшысы күн тәртібіне этносаралық қатынастар саласындағы басты міндет – Қазақстанның көпэтносты халқын болашағы біртұтас ұлтқа біріктіру міндетін қойды. Болашағы біртұтас ұлт қандай болады? Болашағы біртұтас ұлт – мемлекеттік қазақ тілі этносаралық қатынас тілінің рөлін атқаратын азаматтық қауым. Ал қазақстандық патриотизм мен азаматтық қауым елдің барша этностары мен азаматтарының этностық және діни наным-сеніміне қарамастан біртұтас біріктіруші қағидатқа айналады», – деп атап өтті спикер.
Айта кетейік, Түркістан облысы халқының құрамы саналуандығымен ерекшеленеді, өңірде 50-ден астам этностар мен этностық топтардың өкілдері тұрады. Облыста 11 этномәдени бірлестік (өзбек, славян, түрік, күрд, иран, тәжік, шешен-ингуш, татар-башқұрт, әзірбайжан, грек және «Ынтымақ» этносаралық этномәдени бірлестігі) бар, аудандар мен қалаларда 7 филиал және 14 өкілдік жұмыс істейді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51