Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Маусым, 2015

1023

«Бірлік түбі – ынтымақ»

          Жуықта Қарағанды мемлекеттік медицина университеті мен Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесіп ұлттық бағдарлама «100 нақты қадамды» талқылауға арналған семинар болып өтті. Осы жиында сонымен қатар «Мемлекеттік тілді үйрену саласындағы облыстық мемлекеттік құрылымдары мен этно-мәдени бірлестіктердің жұмыс әдістері» - деген тақырыпта семинар жалғасын тапты.

         Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша ҚарММУ-дың оқытушысы, философия ғылымының кандидаты, облыстағы ұйғыр этно-мәдени орталығының мүшесі Құрбан Жалилов сөз сөйледі. Ол өз сөзінде ұлт көшбасшысының бес бірдей реформаны алға тартып, оның халықтық мәнге ие екендігіп атап өтті деді. Ұсынылған реформалар – ілгері жылжудың өзегі. Сол арқылы Қазақстанның жасампаздық дамуы мен гүлденуі, қоғамдық күштерді әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру жөніндегі тарихи миссия айналысына топтастыру және оның әлемдік кеңістікте орнығуы жүзеге асады. Экономикалық дағдарыстан шығу үшін қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, адам тәрбиеге көңіл болу қажет. Сонымен бірге қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықтың да орыны ерекше. Осы тұрғыда Қазақстан халқы Ассамблеясына «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең көлемді жобасын жасау және жүзеге асыру міндеті жүктеліп отыр. Сол үшін патриотизм эстетикасын қалыптастыруымыз керек, - деді Құрбан Шәмілұлы.

Екінші мәселе бойынша «Тілдерді оқыту жөніндегі Қарағанды облыстық орталығының» өкілі баяндама жасап, семинарға жиналғандарды 120 сағаттық тіл үйрету курсымен таныстырды. «Сарыарқа» оқу-әдістемелік кешенінің ерекшеліктерін айтып берді. Этно-мәдени орталығының өкілдеріне тіл үйрену курстарының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды.

 

 

Кейін қарай