16 Қазан, 2019
1841
Бітімгершілік - бабалар дәстүрі
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Татуласу» орталығында болып, өңірдегі медиаторлардың жұмысымен танысты. Бұл кездесуге облыс аумағында қызмет етіп жүрген қоғамдық және кәсіби медиаторлар, билер кеңесінің мүшелері қатысты.
Қазақстан Халқы Ассамблеясы медиация институтын насихаттау арқылы елімізде мәдениет пен құқықтық ағартуды арттыру, билер институтын жаңғырту жөніндегі бітімгершілік дәстүрін дәріптеп келеді. Осы мақсатта халықты татуластыру рәсімдері туралы кеңінен ақпараттандыру, дауларды соттан тыс шешу, сотқа дейін татуластыру рәсімдерін дамыту үшін ортақ алаң ретінде Татуласу орталықтарын құру ұсынылған болатын. Жансейіт Түймебаев қоғамдағы тәрбиенің олқылығы, дәстүр сабақтастығының үзіліп қалуы - отбасында, ағайын арасында тұрмыстық дау-жанжалдың тууына себеп болады деді. «Сондықтан өскелең жас ұрпаққа осы кезден бастап ұлттық, отбасылық құндылықтарды түсіндіру мақсатында білім беру мекемелерінде жастармен жиі кездесу өткізу керек. Себебі, ұлт болашағы – бүгінгі жастан басталады», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
Орталық жетекшісі Алуа Ракишеваның айтуынша, татуласу орталығы ашылған күннен бастап, оған облыс тұрғындарынан 55 өтініш келіп түскен. Қазіргі таңда облыста 144 қоғамдық және 40-тан астам кәсіби медиатор бар және олар облыстық Ассамблеямен бірлесіп жұмыс істеуде. Өңірде жалпы 143 медиация кабинеті, 7 татуласу орталығы жұмыс істейді.
2019 жылдың 9 айында облыс медиаторлары сотқа дейін 1644 медиативтік келісім жасаған. Қазіргі уақытта медиацияның орталықтандырылған жүйесін құру және медиаторлық қызметтін деңгейін бағалау мониторингін жасау жұмыстары жүргізілуде.
Нұргүл Қалиева
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.
Ұқсас жаңалықтар
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті