14 Қараша, 2017
3715
«Біз бір ағаштың бұтақтарымыз!»
2017 жылғы 12 қарашада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында елордамыздағы №31 мектеп-гимназияда жексенбілік мектептердің оқушылары арасында «Біз бір ағаштың бұтақтарымыз!» атты Достық сабағы болып өтті.
Іс-шара Қазақстан этностарын біріктіру арқылы азаматтық және рухани-мәдени тұтастықты нығайтуға, өскелең ұрпақтарды қазақстандық патриотизм жолымен тәрбиелеуге бағытталған.
Достық сабағын Астана қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы жыл сайын өткізіп келеді. Елордамыздағы 24 этномәдени бірлестіктерге қарасты 12 жексенбілік мектептерде ұлттық мәдениет пен ана тілді оқытуға басымдық берілген. Осы жексенбілік мектептерде 6 мен 14 жас аралығындағы балалар білім алуда. Әрбір жексенбілік сайын осындағы ұстаздар өз шәкірттерінің білім деңгейін, шығармашылығын дамытып, тарих құндылықтарына терең бойлатады және оларды қазақстандық патриотизм рухымен тарихи отанын қадірлеуге тәрбиелейді.
Мерекелік іс-шарада корей, армян, әзірбайжан және казак жексенбілік мектептерінің оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Балалар ана тілі мен қазақ тілінде өлеңдер мен мақалдар оқып, ән шырқап, өз халқына, отанына деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
Вокал мен бидің балғын шеберлері қатысушыларды тәнті етті. Бір сөзбен айтқанда, көрермендер балалардың би мен музыкалық нөмерлеріне ыстық ықыластарын білдірді.
Жалпы, бұл іс-шараның басты мақсаты-Қазақстан этностарын біріктіру арқылы қазақстандық патриотизм құндылығын одан әрі дамыту, Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктердің елімізді дамытуға қосқан үлесін жан-жақты таныстыру, этносаралық құндылықтың тірегі келісім мен бірлікті нығайту, жас ұрпақтардың халықтық шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыру және оларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Дата события ассамблеи: 14.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
вчера, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый