03 Мамыр, 2016
1088
«Біз – бір елдің балаларымыз!»
Осындай тақырыппен Қостанайда 1 мамыр күні мерекелік фотокөрменің тұсаукесері болып өтті. Оның бастамашысы және ұйымдастырушысы облыстық «Бірлік» әзербайжан этномәдени бірлестігінің жастар қанаты болды.
- Біз бұл идеяның бастаушыларымыз деп айта алмаймын, дегенмен, осы интернационалдық отбасылар балаларының фото жобасы біздің облыста әзірге бірінші деуге болады, - дейді әзербайжан қауымының төрағасы Видади Юсубов. – Бұған қатысуға біз он жасқа дейінгі ұл мен қыз балаларды шақырдық. Айта кетсек, өзбек, орыс, белорус, мордовалық тамыры байқалатын ең кішкентай қатысушы Тиона Шереметтің туғанына небәрі 10 ай ғана. Біздің кішкентай қатысушылардың әрқайсысы мәдениеті, салт-дәстүрі, тілі, діні араласып кеткен, ортақ болып қалған көпұлтты отбасында туып өскен. Біз еліміз көпэтносты болғанына мақтанамыз, мұнда басқа мемлекеттерге үлгі болып, достықта, татулық пен бірлікте 100 ұлттың өкілдері өмір сүріп жатыр. Тұқымы араласқан балалар туған әрбір осындай аралас отбасы – бұл кіші көлемді Қазақстан секілді, өткен жылы өзінің жиырма жылдығын атап өткен бірегей Ассамблеямыздың көшірмесі десек те болады. Фотосессиямыз мерекелік қана емес, сонымен бірге тақырыпқа сай болды. Әр баланың қолында біздің өңірдің символына айналған, көктем жаршысының бірі болатын, Қостанай облысының таңбасы мен эмблемасындағы әдемі қызғалдақтар.
Фотокөрмеге барлығы 25 портрет ұсынылды, бұл ел мерекесінің басты мерейтойымен үндесіп жатқандай.
- Біз 16 желтоқсанда ересектер - Тәуелсіздіктің құрдастары қатысатын осындай жобаны іске қоспақшымыз. Барша қазақстандықтарға бейбітшілік, ашық аспан, амандық тілеймін! – деп атап өтті Видади Юсубов.
Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Георгий ШАПОВАЛОВТЫҢ фотосы
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
вчера, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті