Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Қазан, 2015

1261

«Біз осылайша жас болдық...»

Қазақстан Республикасы 1 қазан - Қарттар күні мерекесін атап өтеді. Бұл 20-шы ғасырда белгіленген жаңа мереке болып табылады. Басында Қарттар күнін Еуропаның Скандинавия елдерінде, содан кейін, Америкада, ал 80-жылдардың басынан бері бүкіл әлемде атап өтеді. Нақты Халықаралық қарттар күнін БҰҰ Бас Ассамблеясы 1990 жылы жариялаған болатын.  «Қарт адамдар мәселесі туралы» Жоғарғы Кеңес Президиумының арнайы қаулысы қабылданды, онда Біріккен Ұлттар Ұйымы ұсыныстарының маңыздылығы негізінде 1 қазан қарттар күні ретінде жарияланды.

Қарттар күнін өткізу мақсаты - қарт адамдар мәселесіне қоғамның назарын аудару; қарт адамдардың жеке және әлеуметтік қажеттіліктерін, қоғамның дамуына олардың қосқан үлесі, егде жастағы адамдарға көзқарасты өзгерту қажеттігі туралы, қоғамның демографиялық қартаю проблемасына қоғамның хабардарлығын арттыру үшін; қарт адамдардың қоғамның әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани өміріне араласуын, тәуелсіздігін қамтамасыз ету, қажетті күтім, өздерінің ішкі қуаттарын іске асыру үшін жағдай жасау және олардың қадір-қасиетін сақтау үшін.

Егде адамдар - жасы ұлғайып кәріліктен әлсіз болған адамдардың санаты болғанымен, олардың өміршеңдігіне, өмірлік қуаттарына қызығуға болады. Мысалы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясында өтетін ешқандай іс-шара біздің аға буынның қатысуынсыз өткізілмейді. Олар - әрі ұйымдастырушылар, әрі әншілер, әрі көрермендер. Сондықтан, Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясының акт залында 2015 ж. 2 қазан күні, біздің зейнеткерлердің жастық рухын қолдау, мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында, облыстық филармонияның камералық хорының концерті өтті.

Концерттік бағдарламада: соғыс жылдарындағы әндер, патриоттық және лирикалық әндер, жастық шақтың әндері шырқалды.

Орындаушыларды көрермендер ду шапалақпен қарсы алып, шығарып салып отырды, жандарына жақын таныс әуендерге өздері қосылып айтып отырды.

Қазақстан халқының облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов барлық қарттарды, ардагерлерді құттықтады. Ол «Жастар -мемлекеттің қозғаушы күші, ал біздің аға буын - сенімді тыл және тірегіміз» - деп, атап айтты.

«Қазақстан халқы ассамблеясы жыл сайын бізді қарттар күніне арналған концеттік бағдарламаға шақырады. Бізді ұмытпағандарыңызға біз өте қуаныштымыз, біз өзіміздің этномәдени орталықтардың қоғамдық өміріне белсенді араласуға тырысамыз. Әрбір қазақстандықтың үйінде жақсылық және бақыт болсын!», - деді «Радзіма» белорус мәдени орталығының мүшесі Валентина Волчкевич өзінің құттықтау сөзінде.

Іс-шара соңында барлық шақырылғандар үшін мерекелік дастархан жайылды, онда қарттар ресми емес жағдайда, өткен іс-шара туралы өз әсерлерімен бөлісті.

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз-хатшысы

Мария Чернышова

Кейін қарай