Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Қараша, 2020

653

«Бізде бір ғана ортақ – мемлекеттік тіліміз, бір ғана – ұлтымыз, бір ғана – Отанымыз болуы тиіс»

2020 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Бір шаңырақ астында – биік мақсаттарға» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Отырыста сөз сөйлеген Тараз қаласындағы №34 орта мектептің директоры Динара Нұралиева елдің басты байлығы тұрақтылық екенін ерекше атап өтті.

Д.Х.Нұралиева 1985 жылы 14 маусымда Жамбыл облысы Жалпақ-төбе ауылында туған. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетін бітірген. Ұлты – дүнген. Қазақ, орыс және дүнген тілдерінде еркін сөйлейді.

- Өзім Жамбыл облысындағы Жалпақ Төбе ауылының көп ұлтты отбасында тәрбиелендім. Әкем – дүнген, анам – ұйғыр. Арғы аталарым – орыс, өзбек, татар және басқа да бірнеше ұлттан тарайды. Сондықтан, менің бойымда бүкіл Ассамблеяның қаны бар деп айтуға болады. Біз әрқашан татулық пен бірлікте өмір сүріп келеміз. Ешқандай ұлтқа бөлінбей, ортақ жерімізде бір үзім нанды бөліп жеп отырған жайымыз бар!​ Басты байлық – тұрақтылық екенін естен шығармауымыз қажет!​ Біз әрдайым бірге болсақ, әлі талай асуларды бағындырамыз! ​

​ ​Қымбатты Елбасы!

Сіздің терең саясатыңыз бізге бейбіт өмір сыйлады. Одан ​ айырылып қалуға біз ешқашан жол бермейміз! Қордайдағы оқиғалар​ біздің жанымызға қатты батты.

Құрметті Президент!

Сіз қиын сәтте Қордайға келіп, халыққа қолдау​ білдірдіңіз. Барлығымыздың болашағамызға сенім ұялаттыңыз. Сол кезде «Біз – бір халық, бір – тағдыр, бір – ел екенімізді» тағы бір мәрте сезіндік! ​ Қазіргі уақытта өміріміз бұрынғыдан да жақсарды нық сеніммен айта аламын. Жизнь вошла в свое русло. Недавно побывав в гостях у брата в Кордае я увидела своими глазами вместо сгоревшего дома возведен новый.

От радости на глазах выступили слезы. У меня возникает вопрос. Почему-то сожженные магазины, дома и машины увидели все. А восстановленные дома, новые дороги, школы и больницы замечают далеко не все! Недаром говорят: «Одна ложка дегтя портит бочку меда». Мы знаем,что нет плохих наций, есть преступники! У преступников нет - ни нации, ни религии! Мы убедились, что именно они являются настоящими виновниками произошедших событий! Мы дунганский народ бесконечно благодарны нашим братьям казахам! Қазақстанда өшпенділік жоқ, болмайды да, оған дәлел Елбасымыздың ақ батасы мен қазақтың дархан жүрегі!

Ардақты ағайын!

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында аралас мектептерде​ мемлекеттік тілде білім беретін бірінші сыныптар көбейе​ бастады. Мектеп директоры ретінде өз ұсынысымды жеткізгім келеді. Егер республикамыздың әр өңірінде аралас мектептер кезең-кезеңімен мемлекеттік тілде білім беруге көшсе,

сіздер қалай қарайсыздар?!​​ Бұл шешім барлық Қазақстандық балаларды кішкентай күнінен ешқандай бөлінуге жол бермей, қазақ тілін жетік меңгеруге нақты қадам болар еді!

«Ел болам десең, бесігіңді түзе»! ​Бізде бір ғана ортақ – мемлекеттік тіліміз, бір ғана – ұлтымыз, бір ғана – Отанымыз​ болуы тиіс!

Кейін қарай