Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Наурыз, 2017

1286

«БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ЖАСАЙМЫЗ: ГЕРМАНИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ

2017 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында  Германия мен Қазақстанның арасында дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 25 жыл толуына арналған «Болашақты бірге жасаймыз: Германия мен Қазақстандағы білім беру» атты конференция өтті.  

Конференцияның мақсаты – герман-қазақстан ынтымақтастық салаларын нығайту және кеңейту. 

Конференция барысында Қазақстан мен Германия арасында білім беру саласындағы екі жақты ынтымақтастық аспектілері талқыланды. Талқылау: жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық; мектепте білім беру саласындағы саясат; кәсіптік білім беру; мәдениет және білім беру саласындағы саясат деген төрт панельдік сессияда жүргізілді.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Д.Қ.Мыңбай, Германияның Қазақстандағы Елшісі Рольф Мафаэль, ҚХА  мүшелері, ФРГ сыртқы істер министрлігінің өкілі  Хайдрун Темпель, Қазақстан Республикасы сыртқы істер вице-министрі Р.Василенко, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі жауапты хатшысының міндетін атқарушы Н.Ә.Байжанов, германиялық және қазақстандық білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.   

Кейін қарай