Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Қыркүйек, 2018

2423

Болгария Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл

Бүгін Болгария өзінің Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Бүгін Болгария өзінің Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын атап өтуде.

1908 жылға дейін Болгар князьдығы ресми түрде Осман империясының вассалы болып, барлық сыртқы саяси актілері түрік сұлтанының мақұлдауымен жүзеге асып отырған.   

Болгар князі Фердинанд 1908 жылдың 22 қыркүйегінде Болгарияның тәуелсіздігі туралы Манифесті Велико-Тырново қаласында алғаш рет оқыды. Осы сәттен бастап мемлекет князьдықтан патшалық нысанына өзгереді.

Көп ұзамай Осман империясы және Еуропаның басқа Ұлы күштері ресми түрде Болгар патшалығын мойындады.

Мемлекеттің жаңа тарихында тәуелсіздік мерекесін 1998 жылдан бастап атап өте бастады. Тәуелсіздік күніне орай басты мейрам әдетте астанасы Софияда емес, Болгарияның Тәуелсіздік ескерткіші жанында Велико-Тырново қаласында өткізіледі.

Қазақстанға алғаш рет болгар ұлтының өкілдері 1907 жылы  көшіп келіп, Павлодар облысының Раздумовка және Андрияновка, Ақтөбе облысының Болгарка селоларында қоныстанды. Екінші көші-қон толқыны Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қиын-қыстау кезінде болды.

Бүгінде Қазақстан бойынша 4,5 мыңға жуық болгарлықтар өмір сүріп жатыр.

Астанада болгар этномәдени орталығы 1994 жылы құрылды. Қазақстан бойынша Ақтөбе, Алматы, Атырау облыстарында орталықтың филиалдары жұмыс істеп жатыр.

Болгар тілі мен тарихын, әдебиетін, салт-дәстүрін, болгар халқының фольклорын жақсы білу үшін Павлодар облыстық тілдерді  дамыту  департаментінің  қолдауымен  «Обичам  България» оқу құралы шығарылды.

2015 жылғы 18 наурызда София университетінің Шығыс тілдері мен мәдениетін зерделеу орталығында «Қазақ тілі және Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерделеу» орталығы ашылды.

Қазақстан Республикасындағы Болгария Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі – Васил Петков.

 

 

Дата события ассамблеи: 22.09.2018

Кейін қарай