21 Мамыр, 2019
4383
БҰЛ КҮНІ - 21 МАМЫР
2006 ж.: Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткен осы елдің Президенті В.В.Путинмен бейресми кездесуге қатысты. Кездесу күн тәртібінің негізгі тармағы ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің төрағасы өкілеттігін Қазақстан Президентіне тапсыру болды. Сонымен қатар, тараптар солтүстік Каспийдегі жаңа кен орындарын бірігіп игеру, шекара аймақтарының өзара іс-қимыл әрекеттерін кеңейту, жаңа біріккен қаржылық құрылымдарды құру, Қазақстан мен Ресейдің ЕурАзЭҚ, БЭК, ШЫҰ интеграциялық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде пікір алмасты.
*****
Мемлекет басшысы «Т.С.Қабдырахмановты Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындау туралы» №116 Жарлығына қол қойды.
2007 ж.: Мемлекет басшысы Алматы қаласында ЭСКАТО-ның 63-ші сессиясы аясында өткен Азия мен Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясына мүше елдер министрлерінің ашық отырысына қатысты. «Комиссияның құрылуының мерейтойлық жылында ЭСКАТО-ның жыл сайынғы сессиясын Алматыда өткізу туралы біздің ұсынысымызды қабылдай отырып, мүше мемлекеттер елімізге үлкен құрмет көрсетті. Мұндай шешім ЭСКАТО-ның Орталық Азия өңіріне назар аударуға дайын екендігін дәлелдейді», – деді Қазақстан Президенті ЭСКАТО-ның министрлер кеңесінде сөйлеген сөзінде. «...Ортаазиялық елдердің географиялық ерекшеліктері олардың құрлықішілік жағдайлары болып табылады. Қазақстан теңізге шығу мүмкіндігі жоқ әлемдегі аумағы жағынан ірі мемлекеттердің бірі бола отырып, түрлі транзиттік-тасымалдау құбырлары жобаларын жүзеге асыруға мүдделілік танытып отыр әрі оларды қолдауға әзір. Әлемдік мұхитқа шығатын жолы жоқ дамушы елдердің Алматы іс-қимыл бағдарламасын тиімділікпен іске асыру мәселесіне айрықша көңіл бөлу керек». Сөз соңында Н.Ә.Назарбаев ЭСКАТО-ның 63-ші сессиясының қорытынды құжатында өңірдің өзекті проблемалары өз шешімін табатынына сенім білдірді. Сөйлеген сөзінің мәтіні
*****
Мемлекет басшысы ЭСКАТО-ның 63-ші сессиясына бірқатар қатысушылармен кездесу өткізіп, олармен оның жұмысының басты нәтижелерін талқылады. Кездесуге БҰҰ бас хатшысының әлеуметтік және экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Х.А.Окампо, ЭСКАТО атқарушы хатшысы Ким Хак Су, Еуропалық экономикалық комиссияның атқарушы хатшысы М.Белку, БҰҰ бас хатшысының орынбасары А.Чоудхури және ЮНИФЕМ (БҰҰ Әйелдер мүдделерін дамыту қоры) атқарушы директоры Н.Хейзер қатысты.
*****
Мемлекет басшысы Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Н.М.Оразалинді қабылдады. Ол осы жылдың маусымында өткізу жоспарланған Қазақстан Жазушылар одағының ХІІІ съезіне дайындық жөнінде, қазіргі заманғы әдеби үдерістің өзекті арналары туралы әңгімеледі. Президент жазушылар шығармашылығына арқау болған тақырыптар, тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандық өмірдің шындықтарын айқындайтын туындылар, Жазушылар одағы мүшелерінің жұмыс жағдайлары мен өмірлері жөнінде ықыласпен тыңдады.
*****
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» №254-ІІІ Заңына қол қойды. Президент сондай-ақ «Көп балалы аналарды «Алтын алқа» алқасымен наградтау туралы» №332 Жарлығына қол қойды.
2008 ж.: Мемлекет басшысы «Е.Ә.Әбілдаевты Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындау туралы» №596, «Ә.І.Ахметовті Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындау туралы» №597, «М.С.Тәшібаевты Қазақстан Республикасының Франция Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындау туралы» №598, «А.Б.Қарашев туралы» №599 жарлықтарына қол қойды.
2009 ж.: Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттары «Carlyle Group» инвестициялық компаниясының басшысы Д.Рубенштейнді қабылдады. Ол Президентті компанияның Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларын инвестициялау жөніндегі жоспарлары туралы хабардар етті.
*****
Мемлекет басшысы Қазақстанға ТМД елдерінің Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін келген Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы В.В.Путинді қабылдады.
*****
Мемлекет басшысы «В.С.Школьник туралы» №808, «Ә.Ө.Исекешевті Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі қызметіне тағайындау туралы» №809, «Қазақстан Республикасы соттарының алқалар төрағаларын, төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» №810, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы №1283 және 2004 жылғы 17 қаңтардағы №1284 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №811 қбпү, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы №691 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» №812 жарлықтарына қол қойды.
2012 ж.: Мемлекет басшысы «General Electric Transportation» компаниясының президенті әрі бас атқарушы директоры Л.Симонеллиді қабылдады.
*****
Мемлекет басшысы «Total S.A.» компаниясының атқарушы вице-президенті И.-Л.Даррикаррерді қабылдады.
2013 ж.: Мемлекет басшысы Қазақстанға 2013 жылғы 22 мамырда өтетін өз жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің XXVI пленарлық отырысына қатысу үшін келген Еуропалық аэроғарыштық және қорғаныс концернінің («EADS») президенті Т.Эндерспен, «EADS Қазақстан» бас директоры С.Дэлонэмен, «Airbus» компаниясының бас атқарушы директоры Д.Лихимен, «Airbus» компаниясының халықаралық даму жөніндегі бас атқарушы директоры Ж.-П.Таламонимен, «ConocoPhillips» компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы Р.Лэнспен, «General Electric Transportation» компаниясының президенті Л.Симонеллимен екіжақты кездесулер өткізді.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №93-V, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» №94-V, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес деректер және оларды қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №95-V, «1923 жылғы 12 қыркүйекте Женева қаласында жасалған, 1947 жылғы 12 қарашада Нью-Йорк штатының Лейк-Саксесс қаласында қол қойылған хаттамаға сәйкес енгізілген түзетулерімен Порнографиялық басылымдар айналысының және оларды саудалаудың жолын кесу туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» №96-V заңдарына қол қойды. Президент сондай-ақ «Б.Ә.Мұхаметжанов туралы» №570 Жарлығына қол қойды.
2014 ж.: Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің IV саммитіне қатысты.
*****
Мемлекет басшысы АӨСШК IV саммитінің жұмысы аясында Иран Ислам Республикасының Президенті Х.Руханимен екіжақты кездесу өткізді.
2015 ж.: Мемлекет басшысы Қазақстанға VIII Астана экономикалық форумына қатысу үшін келген Литва Республикасының Премьер-министрі А.Буткявичюсті қабылдады.
*****
Мемлекет басшысы Қазақстанға VIII Астана экономикалық форумына қатысу үшін келген Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-министрі К.Беттельді қабылдады.
*****
Мемлекет басшысы «Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 тамыздағы №369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» №27, «Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапаттау туралы» №28 жарлықтарына қол қойды.
2017 ж.: Мемлекет басшысы «АҚШ - Ислам әлемі» саммитіне қатысу аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Н.Ә.Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Д.Трамппен әңгімелесті.
*****
Сол күні Мемлекет басшысы «АҚШ - Ислам әлемі» саммиті барысында Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Р.Тиллерсонмен кездесті.
Дереккөз: Akorda.kz
Оқи отырыңыз:
БҰЛ КҮНІ - 20 МАМЫР
САН ҚИЛЫ ТАРИХИ ОҚИҒАЛАРҒА КУӘГЕР БОЛҒАН АЛМАТЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНЕ – 20 ЖЫЛ
АСТАНАДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МУЗЕЙІ АШЫЛДЫ
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
1 Маусым, 18:22
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
2 Маусым, 12:07
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
1 Маусым, 09:16
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
1 Маусым, 09:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ