29 Маусым, 2015
698
Бузукидің әуенімен тербетіліп
Гректер Мәдениет, тіл және дәстүр күнін атап өтті. Сиртакидің құйқылжыған әуені жиналғандарды бір орындарында отырғызбады
Гректер Мәдениет, тіл және дәстүр күнін атап өтті. Сиртакидің құйқылжыған әуені жиналғандарды бір орындарында отырғызбады
- Бізге Қостанайдан грек этномәдени бірлестігінің өкілдері, сондай-ақ Ташкенттен қонақтар — атақты «Бузуки» ансамблі келді, - дейді облыстық грек этномәдени бірлестігінің төрағасы Д. Сидиропуло. Қостанайлық әнші Екатерина Мармалиди грек тілінде көптеген жаңа әндерді орындады, ал ташкенттіктер —грек эстрадасының классикасын, соның ішінде атақты «Опа-опа, та бузуки» әнін орындады. Сондай-ақ артистер жүрек тебірентер үні бар аспап —бузукиде сүйемелдеп отырды. Гректер ол аспапты қатты қадірлейді.
«Мейрам» ансамблінің жас артистері де өз өнерлерін көрсетті, ал алты жасар Катрина Каракозиди өзінің атасы, Кентау грек этномәдени бірлестігінің төрағасы Д. Каракозиди жазған ана туралы әнді орындап көрермендер ықыласына бөленді – ең көп қол шапалақ жас өнерпазға бұйырды. Бір сөзбен айтқанда ересектер де балалар да ән салды. Шымкент қаласының тұрғыны Илья Папандопуло-Канкашиди (суретте ортада тұр) мерекеге отбасымен және ұлтық киім киіп келді: «Бүгінде облыстағы гректер саны соншалықты көп емес, бірақ одан көңіл-күйіміз азайған жоқ!»
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ