01 Қараша, 2017
1372
«Чак-Чак Байрам» - достық мерекесі
Ағымдағы жылдың 29 қазаны күні Достық үйінде Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен және «Идел» татар және татар-башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысындағы филиалының бастамасымен «Чак-Чак Байрам» мерекесі өтті.
Іс-шараны Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және ҚХА құрылымдарымен жұмыс істеу бөлімінің басшысы А.Тасмағанбетова құттықтау сөзбен ашып, Елбасымыздың саясатының арқасында Қазақстанда тұратын барлық ұлттар бірлікте, бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқанын, бүгінгі іс-шара және барлық Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шаралары Ұлт көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде өтіп жатқанын айтты.
Сонымен қатар, «Идел» татар және татар-башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі Қарағанды облысындағы филиалының төрайымы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі С.Сатретдинова өз сөзінде: «Бұл мереке қонақжайлылық пен тату көршілік және халықтық дәстүрлерін нығайтады», - деді.
Татар, башқұрт халықтарының ұлттық тағамдары мен аспаздық бұйымдары, іс-шараға жиналғандардың мерекелік көңіл-күйі мен әр түрлі ұлт өкілдерінің рухани бірлігі мерекенің шырайын енгізіп, ерекше рухани әсер сыйлады.
Мерекені ұйымдастырушыларды «Дагестан» ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ-нің «Хайдакъ» ансамблі, «Казачья вольница» ҚБ, «Дакия» румын мәдени қоғамы» ҚБ өкілдері құттықтап, ән-жырдан шашу шашты.
«Идел» татар және татар-башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтарының қауымдастығы» ҚБ өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасы іс-шараға жиналған қауымның көңілінен шықты.
Дата события ассамблеи: 01.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді