
12 Қазан, 2016
2607
«Чусок» - кәріс халқының астық мерекесі
Өткен демалыс күні кәріс этномәдени бірлестігінің белсенді қатысушылары қала тұрғындарын, ақсақалдар мен ұстаздарды биылғы жылмен тұспа-тұс келген мерекелермен құттықтау үшін Достық үйінде жиналды. Осы күннің басты оқиғасы кәріс халқының астық жинау науқанының аяқталуына арналған «Чусок» мерекесі өтті. Биылғы жылғы ай күнтізбесі бойынша бұл мереке 15-қыркүйекке түсті. Ұйымдастырушылардың айтуынша Кореяда бұл мереке 5 күн тойланады екен.
«Чху» корей тілінен аударғанда - күзді, «сок» - кеш деген мағынаны білдіреді. Осы мереке қарсаңында дейін еңбек сүйгіш адамдармен өсірілген табиғат сыйлары әбден пісіп жетіледі. Егер күріш, жеміс-жидектердің өнімі көп болса, бұл игілік пен береке науқаны үлкен думанға ұласады.
Қазіргі таңда чусок Кореяда, сондай-ақ ТМД елдеріндегі көптеген мерекелер сияқты өзгерістерге ұшырап, қазіргі заман талабына сай өткізіледі. Көптеген салттар мен дәстүрлер сақталмаған. Осыған орай ұйымдастырушылар іс-шара барысында барлық қонақтар үшін ежелгі кәріс елінің бір бейнесін келтіріп, жиналған қауымды тым болмаса бір сәтке, ерте кезеңдерге саяхат жасатып, рухын сезіндірді.
Іс-шара ұйымдастырушыларының айтуынша, үй иелері мереке қарсаңында үйінің қабырғаларына келер жылы астық жақсы өнім берсін деген ниетпен астықтан бау байлап іліп қояды екен. Мереке аяқталса да, осы «әшекейлер» шешілмейді,ата- бабаларға арналған сый болып саналады.
Ай толып, өзінің жарқыраған таңғажайып жарығын төккен кезде дәстүр бойынша ежелгі Кәріс елінде оған ғибадат етіп, тәтті тағамдарды дайындайды: чимпень, чальток, сонпхён, күріш шарабы, т.б.
Сондай-ақ, чусок мерекесі кезінде ата-бабалардың зиратына бару салты сақталған. Оны «сонмё» деп атайды. Бейіт басы жинақталып, жаз бойы өскен арамшөптер шабылады. Бұл ата-бабаға деген сый-құрметтің белгісі. Өз кезегінде бұл адамның міндетті парызы болып саналады.
Чусок мерекесі күні таңертен әр шаңырақта дастархан басында ата-бабалар рухына құрбандық шалу - «чарэ» рәсімі өткізіледі. Осындай рәсім жылына екі рет өткізіледі: Соллаль – ай күнтібесі бойынша Жаңа жыл мерекесі және Чусок мерекесі кезінде. Осы күні дастарханда жаңа астықтан алынған күріш өнімдері, міндетті түрде күріш арағы – соджа, тәтті құрма, күнжіт немесе ұсақталған бадана жағылған «сонпхён» күріш наны болады.
Мерекені тойлау барысында барлық қонақтар күріштен жасалатын «чимпень» дәстүрлі корей жұқа нанынан дәм татты. Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктің хореографиялық және вокалдық ансамблдерінің ұлттық билері мен әндері орындалған мерекелік концертті тамалады. Қонақтардың айтуы бойынша, ұйымдастырушылар мерекенің нағыз бейнесін көрсете алды. Бір жерде балуандар сыйлыққа өгіз аламын деп жеңіс үшін бір-бірімен «ссирым» деп аталатын күреске қатысып жатса, балалар аспанға батпырауық ұшырып, ақсақалдар мен ер адамдар «өмір туралы» әңгімелерін айтты, ал бойжеткендер «нольтвигте» ойынын ойнады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
«Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
-
«Ассамблея жастары» халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы» РҚБ президенті және қауымдастықтың Шымкент қ. филиалының төрағасымен кездесті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
«Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
-
«Ассамблея жастары» халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы» РҚБ президенті және қауымдастықтың Шымкент қ. филиалының төрағасымен кездесті