13 Қараша, 2017
2224
«Дәстүрлі емес діни ағымдар. Оның айқын белгілері мен теріс мәні»
Ағымдағы жылы 9 қараша күні Балқаш қаласындағы медициналық колледждің екінші курс студенттеріне «Дәстүрлі емес діни ағымдар. Оның айқын белгілері мен теріс мәні» тақырыбында дәріс оқылды.
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері «Балқаш қаласы конфессияаралық қатынастарды талдау және зерттеу орталығы» КММ теологы Сейтқали Әбдіқадыр және Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, қалалық мәслихаттың депутаты Серік Пішенбаев, Балқаш медициналық колледждің директоры аталған тақырыпта негізгі баяндамалар жасады.
Спикерлер діни экстремизм туралы түсінік беріп, террорист дегендеріміз кімдер деген сауалға жан-жақты тоқталып өтті. Сонымен қатар, діни теріс жолға түскен адамдардың айрықша келбеті, теріс діни ағымдардың қоғамға тигізер қауіпі туралы ауқымды мағлұмат берді.
Сонымен қатар, мемлекеттің дін саласындағы саясатына, діни терроризмге қарсы күресуге қатысты сұрақтарға жауап беріліп, келешек 11 дәрігер мен ұстаздар назарына осы тақырыптарға негізделген бейнеролик көрсетілді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздегі этносаралық және конфессияаралық ынтымақтастықты нығайтудағы ролі мен қазақстандық қоғамның діни экстремизмді таратуға қарсылығының негізі ретінде ұлттық құндылықтар жайы сөз етілді.
Дәріс Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ және «Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастардың проблемаларын зерттеу және талдау орталығының» ұйымдастыруымен 2017-2018 жылдарға арналған діни экстремизмге қарсы күрес бойынша Қоғамдық келісім кеңесімен бірлескен іс-шаралар жоспарының шеңберінде өтті.
Дата события ассамблеи: 13.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
26 Тамыз, 17:00
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды