Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Қазан, 2015

1135

«DACIA» румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігі 10 жылдық мерейтойын атап өтті

10 қазан күні Қарағанды қаласы «Сарыжайлау» кинотеатрының үлкен залында «DACIA» румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігінің 10 жылдық мерейтойына арналған үлкен мерекелік концерт болып өтті. Концертте Қарағанды облысына ресми сапармен келген Қазақстандағы Румынияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Николай Уреке және Румыния Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі румын диаспорасы істері жөніндегі Мемлекеттік хатшысы – Себастиан Хотка, сондай-ақ, Ресей Федерациясындағы Румынияның Төтенше және Өкілетті Елшісі – Василе Соаре, ҚХА облыстық Хатшылығының басшысы Ерлан Құсайын, Қарағанды қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Баян Нұртаева қатысып, этномәдени бірлестік жетекшісі мен мүшелеріне құттықтау тілектерін айтып сөз сөйледі.

Қоғамдық бірлестік мүшелерін мерейтоймен құттықтауға Павлодар қаласындағы «Буковина» румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Аурика Дяк арнайы келіп, құттықтау сөзінде достық серіктестік пен берік ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.

Мерекелік кеште Қарағанды облыстық «Казачья вольница» казак этномәдени бірлестігі, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестіктерінің белсенді мүшелері би билеп, ән-күймен сыйлық жасады. Сонымен бірге, азербайжан, грузин, қытай, орыс, украин, татар этномәдени бірлестігі жетекшілері кештің құрметті қонақтары болды.

Концертік бағдарламада «DACIA» румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігі жанындағы Румыния, Сербия және Молдавия фестивальдерінде Гран-при иегерлері атанған «Доруле» этнофальклорлы ансамблі румын халық әндері мен билерін орындады.

«DACIA» румын этномәдени бірлестігінің 10 жылдық мерейтойына Бухаресттен «RO-MANIA» фолк-тобы арнайы шақыртылып, концерт көрермендеріне румын халқының ұлттық және эстарадалық әндерін орындап, концерт залында ерекше атмосфера орнатты.

2005 жылдың сәуір айында құрылған «DACIA» қоғамдық бірлестігі румын тілі мен мәдениетін дамытып қана қоймай, мәдени-ағартушылық қызметпен айналысып, сонымен қатар, халықтар достығын нығайтып, этносаралық қарым-қатынастарды дамытуға белсенді атсалысып келеді. Бірлестік жанынан құрылған демалыс мектептерінде Румыния Елшілігі ұсынған әдебиеттермен әртүрлі жастағы азаматтарға тіл меңгеруге мол мүмкіндік жасалған.

2013 жылдан бастап жыл сайын Қазақстан, Румыния және Молдовияның танымал әртістерінің қатысуымен өтетін «Мэрцишор» фестивалінің құрылтайшысы және ұйымдастырушысы. Румыния үкіметі мен қоғамдық бірлестік арасындағы сенімді серіктестік арқасында белсенді жастарға Румыния жоғарғы оқу орындарында білім алуға грант бөлініп тұрады. «DACIA» этномәдени бірлестігі республика мен облыс көлемінде өткізілетін барлық мәдени іс-шаралардың белсенді қатысушылары.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

тел., WhatsApp: +77024190203

e-mail: kelisim@bk.ru

Кейін қарай