28 Сәуір, 2019
1400
Данэлия Төлешова мен Ержан Максим ҚХА ХХVІІ Сессиясына арналған концертте ән шырқайды
Данэлия Төлешова мен Ержан Максим ҚХА ХХVІІ Сессиясына арналған концертте ән шырқайды
Қазақстандық жас әншілер Ержан Максим мен Данэлия Төлешова ертең елордада өтетін ҚХА ХХVІІ Сессиясына арналған «Туған жерге тағзым» атты концертте ән шырқайды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбук парақшасында жазды.
«Ертең Бейбітшілік және келісім Сарайында (елордадағы - авт.) Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІІ Сессиясына арналған «Туған жерге тағзым» атты концерт болады. Концерт «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» хореографиялық композициямен басталады. Оған «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблі, «Рухсара» би ансамблі солистері, Қ. Қожамьяров атындағы Мемлекеттік республикалық академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры, Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театры, «Наз» Мемлекеттік би театры, «Мәңгілік» би театры және Шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің «Вайнах» ансамблі қатысады», - дейді министр.
Арыстанбек Мұхамедиұлының хабарлауынша, бағдарламада өте қызықты, көз тартар нөмірлер жетерлік. «Ал мен қазір барша жұрттың назарына ілінген әртіс туралы айтқым келеді. Ержан Максим жақында ғана Ресейден оралды, ол «Голос. Дети'2019» конкурсына қатысқан болатын. Бірінші арна дауыс беру нәтижесін қайта қарауды ұсынғаны белгілі. Ол ресми нәтиже қандай болса да, біз үшін Ержан - ең үздік әнші. Сұрақтардың алдын ала айтайын: оның осы концертке қатысуы бұрын жоспарланып қойған. Ержан Магомаев пен Козловскийдің «Синяя вечность» композициясын орындайды», - дейді ол.
Министр Ержанмен бірге бір сахнада «Голос. Дети'2018» украин телешоуы жеңімпазы, Америкада өткен The World's best Бүкіләлемдік таланттар телешоуының финалына қатысқан кішкентай жұлдыз Данэлия Төлешова өнер көрсететінін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті