13 Наурыз, 2017
1180
Даулар мен жанжалдарды шешудегі медиация негіздері
Павлодар қаласындағы Достық үйінде «Даулар мен жанжалдарды шешудегі медиация негіздері» атты семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты – арнайы саннатағы дауларды міндетті сотқа дейін реттеуді енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының пилоттық жобасын тиімді іске асыру.
Семинар-тренингті «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті, ТМД Экономикалық сотының халықаралық арашашысы, «Қазақстан медиаторлар қауымдастығы» заңды тұлғалар қауымдастығының бас директоры, бапкер-медиатор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Жақыпов Жанділә Ажіғалиұлы өткізді
Іс-шараның ұйымдастырушысы, Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» ҚММ-нің медиация орталығының басшысы Николашина Ольга Леонидовна шараның мақсаттары туралы айтып берді. «Семинар дауларды бейбіт жолмен шешу үшін, медиация және бітімгершілік институттарын дамытуға және әлеуметтік тұрақтылық пен келісімді сақтауға бағытталады», - деді ол.
Cеминар-тренингке мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сот судьясы Иванова М., қалалық сот судьялары Әбдікәрімов Н. және Түменбаева А., отставкадағы судья Парамонова Л. және Тыртықбаева А. атсалысты. Сондай-ақ, іс-шараға кәсіпқой медиаторлар, мемлекеттік мекемелердің және үкіметтік емес органдардың өкілдері қатысты.
Семинарға қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті