Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Маусым, 2016

1719

«Дельфин» сәбилер үйіне сыйлықтармен!

Балаларды қорғау күнімен құттықтау үшін «Вайнах» шешен-ингуш ЭМБ өкілдері және «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ мамандары «Дельфин» сәбилер үйіне барды.

Қонақтар, балаларға тек клоун және аниматорлардың ойын-сауық бағдарламасын ғана емес, ойыншықтар мен тәтті сыйлықтар апарды. «Вайнах» шешен-ингуш ЭМБ төрағасының орынбасары Таус Хайдукаева мен белсенді Ахмед Башаев балаларға құттықтау сөздерін айтты. 

- Шынымды айтсам, осы жерге келіп мен бекер өмір сүргенімді түсіндім. Мен ер кісі болсам да, осы балақайларға қарай отырып, өз сезімімді жасыру қиынға түсті. «Дельфин» балалар үйінің қызметкерлері осы сәбилерді тәрбиелеп, қамқорлық жасап, оларға барлық жүрек жылуын бере отырып, үлкен де қасиетті іс жасауда, – деп  айтып кетті Ахмед Башаев. 

- Біздің этномәдени бірлестіктің төрағасы Эльбрус Тимаев көп жылдар бойы қайырымдылықпен айналысып келеді, ол кедейлерге, ауырып жатқан балаларға да көмектеседі. Ол  балалар үйі мен интернат тәрбиеленушілерін де ұмытпағаны күмәнсіз. Егер оларға көмек керек болса Эльбрус Богданович лезде көмегін береді. Әр баланың өз отбасы, жақсы көретін ата-анасы болғанын қалаймыз. Осы күні барлық бала бақытты және аман болғанын тілейміз, деді «Вайнах» шешен-ингуш ЭМБ төрағасының орынбасары Таус Хайдукаева.  

 

 «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі        

Кейін қарай