28 Қараша, 2016
899
Демалыс күндері көрме мен фотоэкспозияға саяхат
Демалыс күндері Жамбыл облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-де Тәуелсіздік жылдарындағы этномәдени бірлестіктердің жеткен жетістіктері туралы баяндайтын көрме ашылды. Көрменің ашылу салтанаты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жұлдызды күн» «Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 тұғыры» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.
«Бүгінгі көрме еліміздің Тәуелсіздігінің мерейлі мерекесіне арналады», - деп атап өтті әдіскер Вера Майкович. – Көрмеге облысымыздың барлық этномәдени бірлестіктері ұйымшылдықпен қатысып отыр. 400-ден астам экспонаттар этномәдени бірлестіктеріміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктері мен жұмыстары туралы айтады. Мұнда өңірлік ассамблеяның ұйытқы болуымен басып шығарылған жергілікті өзіндік жеке дара авторлардың тарихи және көркемсурет кітаптары, әртүрлі этномәдени орталықтардағы көптеген авторлардың көркемсурет көрмелерінің катологтары, облысымызда өткен этномәдени бірлестіктер арасындағы Қазақстан халқы ұлттық ойындары спартакиадаларында жеткен жетістіктерінің куәсі болып табылатын кубоктар, дипломдар, марапаттау қағаздары, халықтық көркемдік дәстүрлерді бейнелейтін халық шеберлерінің шығармашылық сәндік-қолданбалы өнер көрсетілген».
Сол күні облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Ассамблея тарихы залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Үлкен ел - Үлкен отбасы» фотоэкспозиция көрмесі ашылды.
36 суретте 2015-2016 жылдардағы «Үлкен ел - Үлкен отбасы» жалпыхалықтық жобасы аясында өткізілген үлкен іс-шаралар бейнеленген. Онда «Тіл - татулық тірегі» атты Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған төртінші ұлттық ойындар фестивалінің сараптау турнирі, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Үлкен ел – Үлкен отбасы» фестивалінің салтанатты ашылу сәті, Ассамблея жанындағы Аналар кеңесі ұйымдастырған «Қайырымдылық керуені» акциясы, Алғыс айту күніне арналған «Қазақстан – бақыт мекені!» мерекесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы – үлкен және тату отбасы» тақырыбындағы эссе байқауы және тағы басқалар. Бұл суреттердің барлығы әрбір өткізілген іс-шараның эмоционалдық күйін, саяси өзектілігін және әдемі болмысын суреттейді. Суреттерді «Қоғамдық келісім» КММ үшін арнайы Михаил Шаповалов дайындаған.
Көрме мен фотоэкпозиция 1 қаңтарға дейін өтеді.
Жамбыл облысы әкімі «Қоғамдық келісім»
КММ баспасөз-қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
вчера, 15:10