Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Қазан, 2018

1247

Дінаралық форумға қатысушылар: Астана Съезі - жаһандық сын қатерлерге берілген дер кезіндегі жауап

Дінаралық диалог - барлық конфессиялардың ортақ мүддесі. Еліміздің Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Құқықтық мәтіндерді түсіндіру жөніндегі Папалық кеңесінің құрметті төрағасы Франческо Коккопальмериомен кездесуінде осыған ерекше тоқталды.

 

Айта кету керек, бұл кездесу Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезі аясында ұйымдастырылған. Сұхбаттасу барысында Дархан Кәлетаев Ватиканның дінаралық форум қызметін дамытудағы айрықша рөлін атап өтті.

Айта кеткен жөн, кардинал Франческо Коккопальмерио дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін өткен аптада Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында болған форумда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дінаралық диалог бойынша Папалық Кеңеске берген Астана халықаралық сыйлығын алған.

Дархан Кәлетаевпен кездесу барысында Франческо Коккопальмерио Қазақстанның Астанасы ерекше қонақжайлылықпен қарсы алып жатқаны үшін алғысын білдірді. Бұдан бөлек, әртүрлі діндердің өкілдері диалогқа қатысып, бейбітшілік, келісім мен толеранттылық идеяларын насихаттайтын Астана дінаралық саммитінің бірегейлігін атап өтті.

Сонымен қатар, Дархан Кәлетаев Ресей федерациясы Мүфтилер Кеңесінің және Ресей Федерациясы Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Шейх Равиль Гайнутдинмен және Мәскеу Патриархатының Орыс православие шіркеуінің Сыртқы шіркеулік байланыстар бөлімінің төрағасы, Волоколамск Митрополиті Илларионмен кездесті.

Бұл кездесулер де Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезі аясында өткізілді. Дархан Кәлетаев Мүфти Равиль Гайнутдинмен кездесуінде мемлекеттік-конфессиялық қатынастар мәселелері бойынша кеңінен пікір алмасты. Равиль Гайнутдин Елордамызда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне жоғары баға берді. Кездесу барысында тараптар Ресей муфтилері кеңесі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарға көңілі толатындықтарын жеткізді.

Исламдық жоғары оқу орындарының имамдары мен оқытушыларын даярлау бойынша бірлескен білім беру бағдарламалары мен жобаларды жүзеге асыру туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Волоколамск Митрополиті Илларионмен кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдегі шіркеу саласындағы мемлекеттік диалогтың кейбір аспектілері талқыланды. Митрополит Илларион көпжақты диалог өткізу және ұжымдық шешімдер қабылдау үшін Қазақстанның конфессияаралық форумды ұйымдастыру бастамасы әлемдік қауымдастық мүшелері тарапынан кең қолдау тапқанын және аталған шара қазіргі жаһандық сын қатерлерге  берілген дер кезіндегі жауап екенін атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар қазіргі уақытта қалыптасқан ізгі және сындарлы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға уағдаласты.

Асан Қалиахмет

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Дата события ассамблеи: 18.10.2018

Кейін қарай