04 Шілде, 2024
250
ДОНОР БОЛ ДА, ӨМІР СЫЙЛА
Қызылорда облыстық қан орталығында “Қоғамдық келісім” КММ ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өтті.
Игі іске облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, барлығы 20 адам қатысты.
Қан орталығына келген донорлардың ең алдымен денсаулықтары толық тексеруден өткізілді. Олардың қант мөлшері, гемоглобин көрсеткіші мен түрлі ауру белгілерінің бар-жоғы зертханалық жолмен анықталып, содан кейін ғана донор болуға мүмкіндік берілді.
Айта кетейік, донор болуға салмағы кемінде 55 келі жасы 21 мен 60 жас аралығындағы азаматтар қабылданды.
Донор болу бақыты бәріне бірдей бұйыра бермейді. Мысалы, сары аурумен ауырғандар, жалпы қандағы гемоглобин мөлшері төмен адамдар донор бола алмайды. Мұнан бөлек, ота жасатқандарға, тісін емдетіп, жұлдыртқандарға, дәрі-дәрмек тұтынғандарға, екпе салдырғандарға донор болуға шектеу қойылған.
Жалпы қан тапсырудың пайдасы мол. Белгілі мөлшерде қан өткізілгеннен кейін қан жасушалары жаңарып, жаңа қан пайда болады. Атресклероз, қан қысымы ауруы, жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларының және инсульттің алдын алады дейді мамандар.
“Қоғамдық келісім” КММ аға сарапшысы, облыстық ҚХА жанындағы Волонтерлар орталығының үйлестірушісі Нұргүл Ақсақалова: “Донор болу арқылы біз түрлі жағдайға тап болған жандардың өмірін сақтап қалуға үлес қосамыз. Сіздерді акцияға белсене қатысып, сауапты іс жасап, адам өмірін сақтап қалуға шақырамыз! Бұндай акциялар алдағы уақытта өз жалғасын табады”,- деді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қостанайда дәстүрлі халықаралық марафон-бәйге «Ұлы дала жорығы» басталды
-
Қазақстан өзбектері қауымдастығы «Дустлик» ассоциациясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті
-
Қарағанды облысында ҚХА Аналар кеңесінің Республикалық отырысы өтті
-
«Этномәдени сауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу бағдарламасы өтті
-
«Күшіміз – бірлікте»: Қарағандыда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мурал пайда болды
-
Астанада «Этномәдени сауаттылық және БАҚ-тағы этносаралық қатынастарды жариялау» атты білім беру бағдарламасы жалғасуда
15 Қыркүйек, 21:37
Астанада ҚХА Журналистер клубының медиафорумы өтті
15 Қыркүйек, 21:33
«Этносауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу модулінің ашылуы өтті
17 Қыркүйек, 18:23
Астанада «Этномәдени сауаттылық және БАҚ-тағы этносаралық қатынастарды жариялау» атты білім беру бағдарламасы жалғасуда
17 Қыркүйек, 18:19
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кристоф Камппен кездесті
15 Қыркүйек, 21:39
М. Әзілханов этникалық БАҚ басшыларымен кездесті