Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Маусым, 2017

1327

Донор бол – өмір сыйла

14 маусым – Дүниежүзілік қан донорлары күні. Бүл күні қан донорларына ризашылық білдіру және әлем бойынша донор қаны мен қан компоненттеріне сұранысқа үн қататын еріктілердің еңбегін растау мүмкіндігі туады. Қан құю және қан өнімдерінің арқасында жыл сайын миллиондаған адамның өмірін құтқарады, өмірлеріне қауіп төнетін емделушілердің өмірін ұзартады.

«Донор бол – өмір сыйла» тақырыбында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының,  «Қоғамдық келісім» КММ және СҚО ҚХА жастар қанатының өкілдері бүгін Облыстық қан орталығына барып, қан тапсырды. Қан тапсыруға байыппен қарайды, анализдер қалыпты болу керек. Әр донор бұл істі сауалнама толтырудан бастайды, онда денсаулық жағдайы мен өмір салты туралы қажетті мәліметтерді көрсетеді. Кейін тіркеуден өтеді. Тіркеуші жеке куәлік бойынша донордың сәйкестігін тексереді. Келесі кезең – зертханалық анализ тапсыру. Кейін донор зертханада саусағынан алынатын қан анализін тапсырады, бұл донордың гемоглобин деңгейін, сонымен бірге қанның басқа да факторларын анықтау үшін қажет. Адамның бүгін донор болу-болмауы осы анализдің нәтижесіне  байланысты.

Содан донор дәрігерге бет бұрады, ол оны тексереді, сауалнаманы оқып, денсаулығы, өмір салты және әдеттері жайында қосымша сауалдар қояды. Дәрігер өз қызметіндегі әдеп қағидаларын сақтайды, донордан алған ақпарат дәрігерлік құпияда сақталады. Дәрігер қан тапсыруға жіберу туралы шешім қабылдайды.

Қан тапсырмас бұрын донор дәмханаға барып, рәсім алдында ауқаттанып алады. Ағзадағы сұйықтықтың балансы үшін піспенан немесе тоқашпен көбірек шырын немесе қою емес шай ішу ұсынылады. Рәсім арнайы донор креслосында барынша жайлы жағдайда өтеді.  Жаңа алынған қанды тапсыру – 10-15 минут, донордан 450 мл қан алады. 
Плазма тапсыру — шамамен 30-50 минут. Рәсім аяқталған соң әр донорға анықтама беріледі, ол кейбір жеңілдіктер мен артықшылықтар құқығына ие болады. Сондай-ақ донор тамақтануға өтемақы алады — қан немесе оның компоненттерін тапсырғаннан кейін күшті қалпына келтіру керек. 

“Қан тапсырыңыздар. Дәл қазір. Жиірек тапсырыңыздар”. 
Аталған ұран әр жеке адамның төтенше жағдайда қан тапсыра отыра, басқа жандарға қол ұшын берген кезде атқаратын рөлін білдіреді. Төтенше жағдай туындаған кезде донор қанының жеткілікті қорын қалыптастыру үшін тұрақты түрде қан тапсыру маңызды екені сөзсіз.

 

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ҚММ

 «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай