04 Тамыз, 2015
902
ДОСТЫҚҚА АРНАЛҒАН КӨРМЕ
Осы күндері Қарағанды қаласындағы бейнелеу өнері музейінде «Содружество» халықаралық шығармашылық бірлестігінің көрмесі өтуде.
Осы күндері Қарағанды қаласындағы бейнелеу өнері музейінде «Содружество» халықаралық шығармашылық бірлестігінің көрмесі өтуде. Бұл көрме Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып отыр. Оны ұйымдастырушы «Содружество» халықаралық шығармашылық бірлестігінің жетекшісі Андрей Ивершин. Идея авторы – Кемерово қаласында тұратын ресейлік суретші А.Ивершин Еуразиялық одақ елдеріне енетін Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттері суретшілерінің туындыларын осы көрмеге жинастырған. Көрменің мақсаты – үш елдің суретшілерін шығармашылық тұрғыда біріктіру арқылы халықтар арасындағы достықты нығайта түсу.
- Бұл біздің Қарағандыға екінші рет келуіміз, - деді Андрей Ивершин көрменің ашылуында сөз сөйлеген кезінде. – Бұдан бұрын Кузбастың жас суретшілерінің туындыларын әкеліп, көрме ұйымдастырған едік. Міне, Ресей, Қазақстан, Беларусь елдерінің қылқалам шеберлерінің 50-ден астам суреттерін алып келдік. Бұл туындылар осында Қарағанды бейнелеу өнері музейінде қалады. Оны қорға тапсырып отырамыз. Біздерді қонақжайлықпен қарсы алды, көрме үшін әдемі зал берілді. Сол үшін музей директоры Бибігүл Құдабаева мен оның ұжымына зор ризашылық білдіремін. Болашақта да осындай көрмелермен алмасып, Кемерово мен Қарағанды қалалары арасында достық нығая берсін, - деп Андрей Николаевич сөзін тәмамдады.
Көрме экспозициясында Алматы, Қарағанды Новосибирск, Кемерово, Красноярск, Омбы, Барнаул және Санкт-Петербург қалаларының суретшілері әртүрлі тәсілмен салған суреттер бар. Олардың тақырыбы да сан алуан. Көбіне туған жер табиғаты, қала суреті, замандастар бейнесі тәрізді болып келеді. Әр суретшінің өз техникасы бар. Мысалы, Красноярск суретшісі Анна Гирич литография техникасын колданса, кемероволық қылқалам шебері Татьяна Ашаева мен Санкт-Петербург суретшісі Алина Дацюк ксиллография мен пластика техникасын шебер меңгерген. Туындылардың жанрлары да әртүрлі. Айталық, Новосибировск қаласының белгілі суретшісі, осындағы бейнелеу өнері институтының профессоры Александр Кучерявенко көрермен назарына көмір және қарындашпен салған суреттерін ұсынған. Ал кемероволық Андрей Ивершин мен кузбастық суретші Андрей Ковригин майлы бояумен салған пейзаждарын әкелген. Алматылық Тоғжан Құттығаева шығармасы абстракция жанрында болса, беларустық суретші Инна Гонгарова теріге салынған панно әкеліпті. Көрмеден Кемерово қаласының суретшісі Юрий Демаковтың көп фигуралы графикалық композициясын да көруге болады. Көрмеге қойылған 50-ден астам өнер туындылары Қарағанды бейнелеу өнері музейінің қорын толықтырып, көрермен көзайымына айналатын шығармалар қатарына қосылды.
«Содружество» халықаралық шығармашылық бірлестігі ұйымдастырған көрменің ашылу сәтінде Қарағанды қаласындағы бейнелеу өнері музейінің директоры Бибігүл Құдабаева сөз сөйлеп, мұндай екі ел арасындағы достық байланыс, рухани ынтымақтастық одан әрі жалғаса береді деп сенім білдірді. Ең бастысы – Еуразиялық одақ мүшелері тек экономикалық алыс-берісті ғана емес, мәдени қарым-қатынасты да жандандыра түсуі маңызды. Сонда мемлекеттер арасындағы байланыс, рухани туыстық одан әрі нығая бермек.
Қарағанды облысы әкімдігінің
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: arai.lym.nur@gmail.com
Ұқсас жаңалықтар
-
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
вчера, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
вчера, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
Ұқсас жаңалықтар
-
Этнографиялық көрме: ортақ мұра – ортақ құндылық
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті