Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Ақпан, 2016

1110

Достық-біздің тірегіміз

Ақтаудағы №6 мектеп жанындағы балалар Ассамблеясы 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара өткізді. Тағылымды шараға аталмыш мектеп оқушылары мен мұғалімдері, ата-аналар және этномәдени бірлестік төрағалары қатысты.

Іс-шара аясында балалар түрлі ұлттың биін билеп, тамылжыта ән салып, театрландырылған көрініс қойды.

Алғыс айту күні  - еліміздің әр азаматының жүрегіне жақын, жарқын мерекелерінің бірі, - деді іс-шарада сөз алған Республикалық Қазақстан кәрістер қауымдастығының «Ақтау қалалық филиалының» төрайымы Райса Маденова.

- Алғыс айту күні -  бұл біртұтас азаматтық қағидаларына негізделген қазақстандық қоғамды дамыту арқылы ел бірлігін нығайту. Бұл мерекені біз биыл бірінші рет тойлап жатырмыз. Бұл күнді мен өзге ұлт өкілдерінің қазақтарға алғыс айтатын ерекше күні дер едім. Жалпы, адамзат баласы қашанда өзінің жақын-жуығына, достары мен әріптестеріне алғысын айтып жүру керек деп ойлаймын. Мен барлығыңызды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын, - деді Р.Маденова.

Бағдарлама аясында №6 мектептің директоры Жанаргүл Жұмашева мерекелік шараға келген ата-аналар мен этномәдени бірлестік төрағаларына алғысын білдірді.

Бұл күн барлық қазақстандықтарға ерекше күн. Осында белсене қатысқан барлық оқушылар мен ата-аналарға және де этномәдени бірлестік төрағаларына ерекше алғысымды білдіргім келеді. Барлығымыз бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқандықтан әрдайым бір-бірімізге алғыс айтып жүрейік. Себебі, алғыс айту арқылы адамдар бір-біріне жақындай түсіп, достықтары артады. Тәуелсіз Қазақстанымыз өркендеп, дами берсін. Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт тілеймін, - деді Ж.Жұмашева.

Концерттік бағдарлама барысында іс-шараның жақсы өтуіне атсалысқан ата-аналарға алғыс хаттар табысталды.

Кеш соңында шара қонақтары түрлі ұлттың мәдениетінен сыр шертетін көрмені тамашалап, естелікке суретке түсті.

   

   

   

   

   

 

МО ӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай