Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Қазан, 2015

1769

Достық дастарханы

2015 жылғы 25 қазанда Шымкент қаласында «Достық дастарханы» дәстүрлі палау фестивалі өтті. Биыл жетінші рет өткізіліп отырған фестиваль Ассамблея жылы мен өзбек этномәдени бірлестігінің 25 жылдығына арналды. 

2015 жылғы 25 қазанда Шымкент қаласында «Достық дастарханы» дәстүрлі палау фестивалі өтті. Биыл жетінші рет өткізіліп отырған фестиваль Ассамблея жылы мен өзбек этномәдени бірлестігінің 25 жылдығына арналды.

Сайысқа қатысқан аспаздар дәмді әрі хош иісті шашпа палау түрлерін дайындап, бар өнерлерін ортаға салды.

Аталмыш іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелер мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, мектеп оқушылары мен БАҚ қатысты.

Байқау барысында ОҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов жиналғандарды құттықтап, «Оңтүстік жұрты қалай жақсы жұмыс істесе, дәл солай жақсы дем ала алады. Егер қуанышты бөліссең, ол екі есе артады, сондықтан біз кез келген мерекені бірге атап өтіп келеміз»,- деді.

Осы жылғы фестивальға 27 аспаз қатысты. Олардың арасында кәсіби аспаздардан бөлек ғалым, оқытушы және дәрігер сиқты әуесқой аспаздар да болды. Қатысушылар қатарында Шымкент қаласының Хамза атындағы №53-ші мектеп оқушылары да бар. Б.Акрамов пен Б.Хашимжанов бастаған орта мектепте оқитын 12 жасар балалар барынша тырысып, өз өнерлерін ортаға салды.

 

Қатысушылардың бірі Озода Тешебаева өз сөзінде «Қолың тәтті болса, дайындаған астың да дәмі тіл үйіреді. Егер ас, барынша жақсы ниетпен, махаббатпен, көтеріңкі көңіл-күймен әзірленсе, міндетті түрде дәмді болады»,- деді. 20 жылдан бері аспаздықпен айналысып келе жатқан Озоданың отбасында бұл кәсіп  бүгінде дәстүрге айналған деуге болады. Ол әділ қазылар алқасына той палауын ұсынды.

Ташкенттік аспаз Шакир Заидов фестивальға алғаш рет қатысып отыр. Өз өмірінің 35 жылын сүйікті ісіне арнаған ол бұл іс-шара барысында «пісте қосылған той-ас» палауын әзірледі.

Фестиваль қатысушысы Халмурад Исмаиловқа Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арнап 20 кг. күріш басты.

Өнерлі аспаздар шара соңында әділ қазылар назарына «шымкенттік», «ташкенттік», «оңтүстік», «офарин», «самарқандық», той палау, күнжүт майына пісірлеген палау, мерекелік, т.б. палауларын ұсынды.

  

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды – Г.Ғаниев, екінші орынды Ш.Заидов пен О.Тешебаева, ал үшінші орынды Н.Халиков, Д.Мирахимов және У.Халметовтер иеленді. Қатысушылар мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, фестиваль барысында қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арнап бейбітшілік пен келісімнің символы ретінде 20 ақ көгершін аспанға ұшырылды.

Кейін қарай