
03 Желтоқсан, 2016
1368
«Достық» фестивалі
2016 жылдың 2 желтоқсаны күні Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде Атырау облысы КХА, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Атырау мұнай өндеу зауытының енбек ұжымдарымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Достық» фестивалін ұйымдастырды.
Фестивальдің мақсаты мен міндеті: Қазақстан халқының бірлігін сақтау және еліміздің көптүрлі мәдени ерекшеліктерін дамыту, этностардың қарым-қатынасын арттыру, сонымен қатар, еңбек ұжымдардың ішінен талантты әншілерді анықтап, оларға қолдау көрсету, өңірдің мәдени имиджін көтеруге атсалысу.
Фестивальге Атырау мұнай өндеу зауытының еңбек ұжымы, мұнай саласындағы еңбек ардагерлері, Атырау облысы КХА, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Аман-Турлина Т.Ө., этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.
Қонақтардың алдында сөз алған Атырау мұнай өндеу зауытының бас директорының орынбасары, бас инженер Козырев Денис Вениаминович, Қазақстанда, сондай-ақ, Атырау облысында түрлі этностар тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын, елдің татулығы мен ауызбіршілігі, достығы мен бірлігі – ең басты құндылығымыз ретінде оны сақтау қажеттігін айттып, мерекемен құттықтады.
Зауыттың шығармашылық ұжымдары фестивальге өз ынталарын білдіре келген қазақ, орыс, украин, неміс, грузин, татар ұлттарының салт – дәстүрлерімен таныстырып, ұлттық өнерлерін көрермендерге насихаттады. Ұлттық мәдениеттің, тілдің және тарихтың барлығын сақтай отыра олар ұлттық костюм, неғұрлым әйгілі дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар жөнінде кеңінен ақпарат беріп, ұлттық билер мен әндерді орындады.
Қазақстан – әр түрлі ұлт өкілдері ғасырдан ғасырға бейбітшілік пен достықта тұрып жатқан мемлекет. Фестиваль жайдарлы да шығармашылық тұрғыдан маңызды болды және барлық қатысушылар мен көрермендер үшін ұмытылмас әсер қалдырды. Бұл тамаша мереке туған еліміз Қазақстан Республикасында орнаған бейбітшілік пен келісім, шынайы достықты паш етті.
Атырау облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Жан DoStar: бір аспан астында» VIII Республикалық өнер фестивалі өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
Қарағанды облысында корей мәдениетінің фестивалі өтті
-
Алматы облысында славян мәдениеті фестивалі өтті
-
Елорда күніне орай Астанада «Біргеміз» атты ән-би фестивалі өтті
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
вчера, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Жан DoStar: бір аспан астында» VIII Республикалық өнер фестивалі өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
Қарағанды облысында корей мәдениетінің фестивалі өтті
-
Алматы облысында славян мәдениеті фестивалі өтті
-
Елорда күніне орай Астанада «Біргеміз» атты ән-би фестивалі өтті