18 Шілде, 2016
899
Достық футболы
2016 жылғы шілде айының 13-15 аралығында Ақтөбе қаласында этномәдени бірлестіктер жастарының арасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде ұйымдастырылған «Достық футболы» атты футбол жарысы өтті.
Жарысты «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды. Футбол жарысын ұйымдастырудың басты мақсаты халықтардың мәдениеті мен салтын сақтау, дамыту, ұлтаралық келісімді нығайту, Қазақстан жастарын спортқа, салауатты өмір салтына, дене шынықтыруға баулу болып табылады.
Жарысқа төрт этномәдени бірлестіктің өкілдері қатысты, оның ішінде «Әзірбайжандар ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы, «Шатлык» татар мен башқұрт этномәдени бірлестігі, «Эллада» грек этномәдени бірлестігі, «Возрождение» облыстық неміс қауымдастығы бар.
Әзірбайжандар тобында армяндар, гректер мен қазақтар бір құрамда ойнағанынан көп ұлтты Қазақстанымыздың ынтымағы мен бірлігінің тағы бір көрінісін байқадық.
Үш күн бойы өткен жарыстың қорытындысы 15 шілде күні шығарылды. Чемпион жүлдесін неміс қауымдастығы иеленіп, күміс жүлде былтырғы жеңімпаздар – грек этномәдени бірлестігіне тиді. Жүлдегерлер үштігіне татар мен башқұрт этномәдени бірлестігі де кірді. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ж.Нұршин мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Г.Шерниязова жарыс жеңімпаздарын құттықтап медальдар мен алғыс хаттарын табыс етті. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
«Ақтөбе облысының әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
Алматы қаласында республикалық Достық үйі ҚХА 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді