12 Мамыр, 2017
1161
Достық меморандумы
Өзбекстан Республикасы делегациясының сапарына орай Тараз қаласындағы Достық үйінде мемлекетаралық өңірлердің дамуы туралы мәселелерді қарастыруға байланысты жиын өтті. Дөңгелек үстел басына Жамбыл облысы әкімі Кәрім Көкрекбаев, Жизак облысының хокимі Улугбек Узаков, Жамбыл өңіріндегі өзбек компаниялары мен басқару құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ерік Өтембаев пен Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы елшісі Икром Назаров қатысты.
Кездесу барысында екі жақ сауда және экономикалық серіктестік туралы сөз қозғады.
Сондай-ақ, аймақ басшысы өз сөзінде бүгінгі таңда облыстағы өнеркәсіп өндірісінің басым бөлігі 372 кәсіпорында іске асатынына тоқталды. Айтуынша, онда жалпы 30 мыңнан астам адам қызмет етеді.
Кәрім Көкрекбаев өз кезегінде өзбек елінің тарапынан ұсынылған жобаларды қолдауға дайын екенін білдірді. Ал Өзбекстан делегациясының өкілдері де аймақтың инвестициялық әлеуетінің жоғары дәрежеде дамығанына үлкен қызығушылық танытып отыр.
Бұдан бөлек, келген қонақтардың барлығына Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне шақыру билеттері табысталды.
Кездесуді қорытындылай келе, Жамбыл және Жизак облыстары арасында өзара серіктестік пен өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және туризм, экология, сонымен қатар, құрылыс, жолаушылар көлігі мен көлік жолдары салаларындағы өзара байланысты нығайту үшін құны 15 млрд. теңгені құрайтын меморандумға қол қойылды.
Сапардың ресми бөлімі аяқталғаннан кейін қонақтар ежелгі қаланың көрікті жері – «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығымен танысып, шамамен XI ғасырда салынған ортағасырлық сәулет өнерінің ескерткіші Қарахан баба Кесенесін тамашалады.
Жамбыл облысы әкім аппараты
«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді