26 Қазан, 2015
972
Достық пен ынтымақтастық мерекесі
Оңтүстік Қазақстан облысында қырғыз этномәдени бірлестігі тіл және мәдениет күні мерекесін атап өтті. Аталмыш мерекеге келген құрметті қонақтардың қатарында көршілес Қызылорда облысындағы қырғыз этномәдени бірлестігінің өкілдері де болды. Сонымен қатар, Ош қаласынан келген, Қырғызстанның белгілі «Салтанат» фольклорлық ансамблінің қобыз, чопо-чор, қылқияқ ұлттық музыкалық аспаптарында өнер көрсетуі айтарлықтай мерекелік тарту болды.

Шымқалада алғаш өнер көрсеткен ансамбль мүшелері «Оңтүстік Қазақстан облысының қонақжайлылығы мен көрермендердің жылы қабылдағаны біз үшін үлкен құрмет», – деп ағынан жарылып, алдағы уақытта жиі келуді жоспарлап отырғандықтарын айтты.
«Мұндай дәстүрлі мерекені атап өту қазақстандық түрлі этностарға әрбір ұлттың өзіндік ерекшеліктерін, әдебиеті мен өнерін танытудың мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар, көршілес жатқан елдер мен бауырлас халықтар арасындағы мәдени қарым-қатынастарды нығайту болып табылады», - деді өз сөзінде облыстық қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Аблай Рыспеков. - Үстіміздегі жылдың тамыз айында Есіккөлдің жағасында Қазақстан, Ресей, және т.б. ТМД елдерімен қатар, Италия, Нидерланды, Жапония сияқты елдердің өкілдері жиналған қырғыз мәдени бірлестіктерінің халықаралық форумында елдер арасында достық пен бауырластықты одан әрі дамыта түсетін тың идеялар мен мүмкіндіктер жобасын алып келдім.
А.Рыспеков алдағы уақытта бірлестік жанынан әжелер хорын құру жоспарының бар екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті