16 Мамыр, 2017
4533
Достық пен ынтымақтастықтың 25 жылы
Жыл сайын 14 мамырда Израиль мемлекеті тәуелсіздік күнін атап өтеді. Биыл еврей халқы егемендігінің 69 жылдығын тойлауда. «Шиват Цион еврей мәдени орталығы» осы мерекеге және Қазақстан Республикасы мен Израиль мемлекеті арасындағы дипломатиялық қатынастар орнағанының 25 жылдығына орай «Израиль далекий и близкий» атты іс-шара өткізді. Достық үйінде өткен жиында облыстық ҚХА ақсақалдар кеңесінің мүшесі, өңірлік «Магнолия» газетінің тілшісі Михаил Вениаминович Бунин дәріс оқыды. Ол еврей халқының тарихы, мемлекеттің дамуы, Қазақстан мен Израиль арасындағы қатынастарды тілге тиек етті. Шараға еврей ЭМБ-нің белсенді мүшелері, Жамбыл облысы әкім аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері, К. Сарымолдаев атындағы балалар үйінің жоғары сынып оқушылары, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті мен Тараз мемлекеттік пединститутының тәлімгерлері қатысты.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Израиль мемлекетінің басшысы да өз сөздерінде екі ел арасындағы серіктестіктің маңызын бірнеше рет атап өткен болатын. Қос тарап өнеркәсіптік инновация, ауыл шаруашылық өнімдерін алу, ғылым, медицина, туризм, білім беру, әскери-техникалық салаларда бірлесе жұмыс атқарып келеді. Израильдің Қазақстандағы Өкілетті және Төтенше елшісі Элияу Тасман мырза оның туған жері Қазақстанның мықты серіктесі екенін айтқаны белгілі. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2,5 миллиард АҚШ долларына жеткен. Израиль қазақстандық мұнайды көптеп сатып алады: ондағы жанармайдың әрбір төртінші литрі – Қазақстандыкы. Әр сегізінші бөлке нан – біздің бидайдан жасалған. Соңғы бес жылда мыңдаған қазақстандық дәрігерлер Израильдің белді ауруханаларында тағылымнамадан өтті. Одан өзге, екі ел де Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуды көздейді. Дәріс барысында Қазақстанда өмір сүретін еврейлердің еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдениетін дамыту жұмыстарына атсалысу мәселесі талқыланды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді