19 Желтоқсан, 2015
1607
«Достықта жоқ шекара» фестивалі
2015 жылдың 19 желтоқсанында Қордай ауданы, Қордай ауылының мәдениет үйінде облыс ҚХА бастамасымен көрші Қырғыз Республикасымен шекарааралық қарым-қатынасты дамыту мақсатында «Достықта жоқ шекара» фестивалі өтті.

Іс-шараға Жамбыл облысы ҚХА хатшылығының, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, этномәдени бірлестіктер төрағалары, жастар, ардагерлер, аналар кеңесі, ғалымдар, зиялы қауым, БАҚ, өкілдері, көркемөнерпаздар және Қордай ауылының тұрғындары қатысты.
Сонымен қатар іс-шараға Қырғыз Республикасы Ассамблея төрағасының орынбасары Бахтияр Фаттахов бастаған 50 адамнан құралған делегация өкілдері қатысты.
Делегацияны Жамбыл облысы ҚХА ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Л.Лысова, Қордай ауданы әкімінің орынбасары Б.Жаманкөзов бастаған өкілдер Қордай бекетінде салтанатты жағдайда қарсы алды. Фестиваль шеңберінде бірқатар іс-шаралар өтті.
№6 орта мектепте «Ұлттық мемлекеттікті сәйкестендіруді нығайтуда және париоттық рухты дамытуда жастардың ролі» тақырыбында облыс ҚХА жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасы, Қырғыз халқы ассамблеясы көшбасшылары мен Қордай ауылындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушыларымен кездесуі өтті. Кездесуде екі жақтың белсенділері жастармен жұмыс жүргізу жайлы пікір алысып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының мәжіліс залында «ҚХА: Тарих.Тәжірибе. Даму перспективалары» тақырыбында; Қырғызстан және Жамбыл облысы ғалымдарының, этномәдени бірлестік басшыларының қатысуымен облыс ҚХА жанындағы ғылыми – сараптама тобының кеңейтілген отырысы өтті. Отырысты ҚХА Жамбыл облысы хатшылығының меңгерушісі Л.Лысова ашып, күн тәртібіндегі мәселе бойынша қатысушыларды пікір алысуға шақырды. Қатысушылар тарапынан жақсы пікірлер айтылып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыстар жүргізетініне тоқталды.
Аудандық мәдениет үйінің оқырмандар залында Жамбыл облысы ҚХА жанындағы «Әулие –ата» мәдени орталығы, Қырғыз Республикасындағы қазақ этномәдени бірлестігі өкілдерімен кездесті. Осы кездесуде екі жақ орталықтарының жұмыс тәжірибелері ортаға салынып, қатысушылар пікірлерін айтты. Іс-шараның соңы мәдениет үйінің концерт залында Жамбыл облысы филармониясының, Қырғызстан өнер шеберлерінің, аудандық этномәдени бірлестігі көркемөнерпаздарының қатысуымен үлкен концерттік бағдарламасына ұласты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Жан DoStar: бір аспан астында» VIII Республикалық өнер фестивалі өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
Қарағанды облысында корей мәдениетінің фестивалі өтті
-
Алматы облысында славян мәдениеті фестивалі өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты