22 Қазан, 2025
50
Достық үйінде «Ана тілім – байлығым!» атты дөңгелек үстел өтті
21 қазан күні Астана қаласындағы Достық үйінде Республика күні мен Өзбек тілі күніне арналған «Ана тілім – байлығым!» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Астана қаласының «Өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел жұмысына Астана қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Л. Құсайынова, Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан Республикасы Елшілігінің консулы А. Сайдахмедов, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты Е. Бектұрғанов, сондай-ақ елордалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Ш. Пулатов қатысты.
Шара қонақтарының қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, дипломатиялық қызмет мүшелері, қоғам қайраткерлері, елорда жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, этномәдени орталықтардың басшылары мен өзбек орталығының белсенділері болды.
Бағдарлама аясында Maqsut Narikbayev University студенттері дайындаған «Өзбек тілінің тарихы мен қазіргі жағдайы» атты туындының таныстырылымы өтті, сондай-ақ бірлестік белсенділерін марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.
Іс-шара этностар арасындағы достық пен мәдени өзара ықпалдастықты нығайту алаңына айналды. Жылы атмосфера, өзара құрмет пен Қазақстан халқының бірлігіне деген мақтаныш кездесудің басты мәніне айналды.

Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойлық жылының қорытындыларына арналған Республикалық форум өтті
-
Қарағандыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» облыстық форумы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» Республикалық форумы өтті
-
Баку қаласында АӨСШК-ның Жастар кеңесінің 8-отырысы өтті