17 Мамыр, 2016
1237
Достық үйінде медиация кабинеті жұмыс істеуде
Медиация институтын дамыту мақсатында облыс әкімі С.Кулагиннің қолдауымен Көкшетау қаласының Достық үйінде медиация кабинеті ашылды.
Медиация — үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Аталған үшінші тарап ретінде медиаторды танимыз, ол даудың немесе сотта қаралатын істің қатысушыларының белгілі бір келісімге келуіне көмектеседі, сонымен бір мезгілде тараптар дауды реттеу мен оны шешудің шарттары жөнінде шешім қабылдау үдерісін толығымен бақылап отырады.
Ақмола облыстық соты медиация мәселелері бойынша тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін мобилдік топ құрды. Оның құрамына Ақмола облыстық сотының отставкадағы судьялары С.Сақтағанова, Ғ.Сыздықова кірді. Сонымен қатар Достық үйінде кәсіби медиатор Айман Байымбетова азаматтарды даулы мәселелер бойынша қабылдауды жүргізуде.
Достық үйіндегі медиация кабинеттері азаматтарға тұрғылықты жерінен шықпай-ақ, дауды шешу және татуласуға қол жеткізуде көрсетілген делдалдарға баруға мүмкіндік береді.
Медиаторлардың нәтижелі жұмыс істеуі үшін медиация кабинеті кажетті жиһазбен, техникамен, анықтама материалдарымен және буклеттермен қамтамасыз етілген және азаматтарға арналған медиацияны реттеу нысанасы және оны қолдану, медиацияны жүргізу қағидаттары туралы ақпараттармен қамтылған арнайы стенд орналастырылды.
«Медиация рәсімін жүзеге асырудың қажеттілігіне байланысты, медиацияға бірқатар оң ерекшеліктер тән, ең алдымен, рәсімдік қиындықтардың аздығы, дауды шешу мақсаты - татуласуға жеткізу» - деп атап өтті медиатор, отставкадағы судья С.Сақтағанова.
Даулы мәселер бойынша қабылдау мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Көкшетау қаласы, Горький көшесі, Достық үйі ғимараты, тел: 8 (7162) 72- 31 -70
«Қоғамдық келісім»
мекемесінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті