Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Желтоқсан, 2014

1257

Достық Үйінде мерекелік іс-шара өткізілді

«Президент – бейбітшілік пен келісімнің кепілі» атты тақырыпта «Қоғамдық келісім» КММ-нде мерекелік іс-шара өткізілді. Ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған.

«Президент – бейбітшілік пен келісімнің кепілі» атты тақырыпта «Қоғамдық келісім» КММ-нде мерекелік іс-шара өткізілді. Ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған.  
Сүйікті мерекелерінің біріне айналған Тұңғыш Президент Күні мерекесін Қазақстан халқы үш күн тойлады. Бұл мерекені атап өтуде ашылуына мемлекет Басшысы қатысқан Достық Үйі де қалыс қалған жоқ.   
Мерекелік іс-шараға шақырылған қонақтардың арасында денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, әскери адамдар, өрт сөндірушілер, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, студенттер мен мектеп оқушылары болды.  Бұл қауым мемлекетімізді алдыңғы елдер қатарына шығарған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтің баға жетпес қызметі туралы өз ойларын ортаға салды. 
Ақмола облысы қорғаныс істері жөніндегі Департаменті басшысының орынбасары Камалиев Қуанышбек қолбасшы ретіндегі мемлекет Көшбасшысының рөлі туралы сөз сөйледі. Облыстық этномәдени бірлестіктердің атынан Ақмола облысы Өзбек ұлттық этномәдени орталығының төрайымы Медетова Тәжібуви Османқызы сөз сөйледі. Одан кейінгі кезек Көкшетау қаласы №1 қалалық емханадағы бас дәрігердің орынбасары Жарылғасова Алма Кабкенқызына берілді. Ол Көкшетау қаласының денсаулық сақтау саласынан сөз сөйледі. Жас ұрпақ өкілдері республиканың қоғамдық өміріне белсене араласа отырып, өз ынта-жігерлерін білдіру үстінде. Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінің студенті Горошко Лада мемлекетіміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің барлық бастамаларын қолдайтын белсенді жастардың бірі болып келеді. Оның қазақ тілінде сөз сөйлеуінің өзі Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік тілді оқыту, дамыту және насихаттау туралы жолдауы жастармен қабылданғанының, қолдау тапқанының айғағы.  
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиясында: «Біздің жастар үлгі аларлықтай заманымыздың жаңа батырларын оларға көрсете білуіміз керек»,- деп атап өткен. Осы тұрғыдан, бір жанұяны жанып жатқан үй өртінен құтқарған батырымызды атап өтпеске болмайды, ІІІ дәрежелі «Айбын» құрметті марапат-орденін  Елбасы өз қолымен табыс еткен батырларымыздың бірі - Новосельцев Юрий. ҚР ТЖМ қызметкері Новосельцев Юрий Николаевич марапаттау рәсімі бойынша салтанатты шарадан алған ұмытылмас әсерлерімен бөлісті.
Қазақстандықтардың жүрегі Тәуелсіздіктің 20 жылдық кезеңінде әрқашан өз Отанына деген патриоттық сезімдерге толы болып келеді. ЕҚЫҰ Саммитін өткізу, әлемдік дін көшбасшыларының съезі, қысқы Азия ойындары, маңызды халықаралық іс-шаралар – бұның барлығы Қазақстан Республикасының, ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жоғарғы әлемдік беделінің, тұрақтылық пен экономикалық табыстарды мойындаудың  куәсі.  
Жақында Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанда үлкен экономикалық және әлеуметтік өзгерістер әкелетін «Нұрлы жол» атты жаңа экономикалық саясат туралы жария етті. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған барлық шаралар азаматтардың өз еліне деген сенімін арттырып, ертеңгі күнге сеніммен қарау сезімдерін ұялатады.  
Салтанатты іс-шарада қаланың жетекші әншілері, вокал және би ұжымы, сонда    й-ақ Достық Үйінің жанында құрылған шығармашылық ұжым өкілдері тамаша өнерлерімен жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады. 
Мерекелік бағдарламада орындалатын әндердің қатарында достық Үйінің вокал тобымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Весна на Заречной улице» атты сүйікті әні орындалды. Іс-шара Достық Үйінің вокал тобымен үш тілде орындалатын «Пусть всегда будет солнце» әнімен аяқталды. 

 

«Қоғамдық келісім»КММ баспасөз-релизі

 

 

Кейін қарай