18 Қыркүйек, 2015
1122
Достық үйінде – Отбасы күні мерекесі болып өтті
Қазақта «Отан - отбасынан басталады» деген дана сөз бар. Шынында да әр азамат үшін Отан деген ұғымнан кейін отбасы тұрады. Отбасы Отанның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, ортаға қосатын маңызды орта десек қателеспек едік. Данышпанның да, дананың да ең алғаш тәлім-тәрбие алып, өмірге көзқарасы қалыптасатын орын - осы отбасы. Қазақ қоғамында отбасы берекесі оның толыққандығында. Ана мен әке тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасарына да сенім мол.

Елбасының Жарлығымен 2013 жылы елімізде «Отбасы күні» деген жаңа мереке пайда болды. Ақмола облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесі, Ақмола облысының орыс қауымы қоғамдық бірлестігінің бастамасымен 18 қыркүйек күні Достық үйінің ғимаратында «Бақытты шаңырақ астында!» деген атаумен мерекелік іс-шара өткізді. Алғашқы құттықтау сөзін алған Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылықтың басшысы Айна Мысыралимова: «Отбасы - тұнық бастау, махаббат, адалдық пен қолдаудың қайнар көзі. Ол ғасырлар бойы жинақталған барлық кереметті сақтауға және кейінгі ұрпаққа мирас етіп жеткізуге арналған. Елбасы өзінің әрбір сөзінде әке болу, ана болу қуанышы, ата-ананың және балаларымыздың денсаулығы деп әрдайым отбасы мәселелесіне үлкен назар аударып келеді,- дей келе Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы атынан 30 жылдан астам уақыт бірге қол ұстасып, 5 бала 8 немере сүйіп отырған Ташевтар отбасын, шаңырақ құрғандарына 44 жыл толған Анатолий және Эмма Михельдер отбасын, 26 жыл бір шаңырақ астында тұрып, екі бала тәрбиелеген Нарине және Грачик Ишханянды Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттап, отбасыларына береке мен бақыт тіледі.
Аталмыш іс шараға «Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы» өкілдігінің жетекшісі Виктор Нефедов арнайы келіп бір шаңырақ астында 25 жылдан астам тату-тәтті өмір сүріп, бала сүю бақытын сезінеген, қоғамда үлгілі отбасы бола білген Цветков Виктор және Марина, Дворцев Александр және Елена, Мелешенко Василий және Валентина отбасыларын «Махаббаты мен адалдығы үшін» медалімен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті. Келесі құттықтау сөз кезегін алған «Ақмола облысы орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Артеменко отау құрғандарына 46 жыл толған Магомед және Раиса Аушевтар, Валентина және Николай Мамоновтар және Владимир мен Альбина Байковскийлерді атаулы мерекемен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады. Осы күні Көкшетау қаласының АХАЖ бөлімінде заңды некеге отырып, шаңырақ көтерген жас жұбайлар мерекелік іс шараға арнайы келіп, алдыңғы буын ағаларының ақ батасын алды. Мұсылман әйелдер лигасы жас жұбайларды шаңырақ көтерген күнімен құттықтап, шашу шашты.
Отбасы күні мерекесі - еліміз бейбітшілікте, өмір сүріп жатқандығының тағы бір дәлелі деп білеміз. Түрлі ұлт өкілдерінің бір атаның баласындай бір шаңырақ астында ғұмыр кешуі еліміздегі толеранттылық пен ұлтаралық келісімнің орнағандығының бір белгісі деп түсінуге болады. Достық үйінің қабырғасында өткен іс шара соңы мерекелік концертке ұласты.
«Қоғамдық келісім»
КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02