Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Мамыр, 2016

781

«ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕГІ» АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

    Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қаладағы «Достық үйінде» ашық есік күніне қатысты.
    Онда түрлі ұлттық-мәдени орталықтарының қызметімен танысып,  жәдігерлік қолөнер бұйымдарымен, этностардың төл өнерлерімен, тұрмыс-салтымен танысты. Атап айтсақ, орыс, өзбек, татар, кәріс және тағы басқа да ұлттардың арнайы жабдықталған  кабинеттері ерекше назар аудартты.

Елбасымыздың Ұлт жоспарында 5 реформа атап көрсетілген. Соның бірі - Біртектілік пен бірлік реформасы. «Славяне» орталығының өкілі Галина Щербакованың айтуынша қалада жаңадан ашылған «Достық үйінің» біртектілік пен бірлік реформасын жүргізуде мән-маңызы жоғары.

Иә, барлық халық бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүрсек, одан асқан бақыт жоқ екені рас.

 

Кейін қарай