
23 Қыркүйек, 2016
1998
Достық үйіндегі ашық сабақ
Маңғыстау облысының Достық үйінде Назарбаев зияткерлік мектебінің және «Алан» осетин этномәдени бірлестігінің бастамасы бойынша Қазақстан халықтарының тілдері күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әдеби-танымдық ашық сабақ өтті.
Іс-шараға Назарбаев зияткерлік мектебінің, «Дарын» облыстық мектеп-интернатының оқушылары және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Іс-шара Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының музейінде басталды. «Алан» осетин этномәдени бірлестіктің төрайымы Фатима Михаиловна Биркле осетин халқының мәдениеті, салт-дәстүрі және ұлттық киімдері туралы әңгіме айтты. Оқушылар көкейтесті сұрақтарын қойып, этностардың ұлттық киімдерін киіп көрді.
Ашық сабақ мәжіліс залында жалғасын тапты. Зияткерлік мектебінің педагог-кураторы Жадыра Мұзбаева модератор болды. Іс-шара барысында шақырылған қонақтар Қазақстандағы үш тұғырлы тіл саясаты туралы өз пікірлерін жеткізді.
- Біз - көпұлтты халықпыз. Халқымыздың толеранттылығының, түсіністік пен шыдамдылығының арқасында біз бір отбасы болдық. Біз әр ұлтты, олардың мәдениеті мен тілін құрметтеуге тиіспіз. Мемлекеттік ішкі бірлікті нығайту мақсатында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев үш тұғырлы тіл саясатын жүргізуде. Қазақстандықтар мемлекеттік тілді игеруі керек. Орыс тілі – Біріккен Ұлттар Ұйымының алты тілінің бірі. Ағылшын тілі - әлемдік аренаға шығу жолы, - деп өз пікірімен бөлісті Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Джайлханова Амангүл Әбдіғалиқызы. Сонымен қатар, Достық үйінде әр сенбі мен жексенбі күндерінде мектеп оқушылар арасында «Бейбітшілік пен келісім» ашық сабақтарын өткізуді ұсынды.
Ашық сабақ аясында дарынды оқушылар үш тілде белгілі ақындардың әдеби шығармаларын оқыды. Олардың өнерлісі домбыра мен гитара аспаптарында белгілі халық әндерін орындады. Оқытушы Жадыра Мұзбаева оқушыларға тақырыптық сұрақтар қойды. Сұрақтарға дарындылар белсенді жауап берді.
Іс-шара соңында дәстүр бойынща Достық үйі ғимаратының алдында фотосессия өткізілді.
МОӘА «Қоғамдық келісім»КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті